«Қазақстан халқына» Қоры Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі; Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі; Ғылым және жоғары білім министрлігі; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерге, өңірлік қаржы, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларына жетекшілік ететін облыстар, Алматы, Шымкент қ. және астана әкімдері орынбасарларының, Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі жеткізушілер мен серіктестердің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның тақырыбы қайырымдылық көмекті, атап айтқанда «Қазақстан халқына» Қорының қызметі шеңберінде сатып алынатын Тауарларды (мүлікті) қабылдау мен бухгалтерлік теңгерімге қоюдың негізгі мәселелері болды.
Дөңгелек үстел ZOOM платформасы арқылы онлайн-форматта өтті, эфирге 128 адам қатысты.
Превенция қызметінің Аналитикалық жұмысты үйлестіру және ұйымдастырушылық әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сағыныш Аяғанова құттықтау сөз сөйледі,
«Қазақстан халқына» Қоры Басқарма Төрағасының орынбасары Лаззат Чинкисбаева қатысушыларды қабылданған және іске асырылып жатқан бағдарламалармен/жобалармен, сондай-ақ Қор қызметінің нәтижелерімен таныстырды, сондай-ақ мүлікті қабылдау және бухгалтерлік теңгерімге қою тәртібі мен талаптарын түсіндірді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өздерін қызықтырған және қазіргі уақытта бар күрделі мәселелермен алмасты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмысты жандандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін облыстар, Алматы, Шымкент қ. және астана әкімдерінің орынбасарларына осы мәселені ерекше бақылауға алып, екі ай мерзім ішінде Қор берген мүлікті бухгалтерлік теңгерімге қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырулары туралы шешім қабылданды.
Дөңгелек үстел видеосына сілтеме