2023 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті
Келесі шешімдер қабылданды:
1. «QH Абай облысының Әуезов кентінде ангар үлгісіндегі жылдам салынатын спорт залдарын орнату» қайырымдылық жобасы бекітілді.
Қамқоршылық кеңестің шешімімен (2023 жылғы 29 мамыр, № 36 хаттама) жылдам салынатын модульдік спорт залдарын орнату арқылы ауылдық жерлерде, моно- және шағын қалаларда спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша тәсілдер бекітілді.
Жобада Абай облысының Әуезов кентінде жылдам салынатын модульдік спорт залын салу және одан әрі пайдалану үшін іске қосу – кент тұрғындарын, негізінен балаларды, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды командалық спорт түрлеріне тарту көзделген. Бұл елді мекенде 3000-нан астам адам тұрады.
Жоба бойынша қайырымдылық көмек алушылар мектеп жасына дейінгі балалар; мектеп оқушылары; жастар; ересектер мен зейнеткерлер болады.
Әуезов кентінде соңғы жылдары спорттық инфрақұрылым белсенді дамып келе жатқанымен, жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған үй-жайлардың тапшылығы орнап отыр.
Ангар үлгісіндегі спорт ғимаратын салу және іске қосу үшін осы кентті таңдау халық үшін спорт инфрақұрылымының тапшылығына, Әуезов кентінің аумағында қолайлы жер учаскесінің болуына, сондай-ақ Донор-кәсіпорынның («Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны») қажетті сыртқы инженерлік коммуникацияларды (электр энергиясы, сумен жабдықтау, кәріз) жүргізу түрінде демеушілік қолдау көрсетуге дайындығына байланысты болды.
Жобаны іске асыру бойынша серіктестер: «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС («Polymetal» компаниялар тобы); Абай облысының Жарма ауданының әкімдігі («Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ), «Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ («Жарма ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ) сондай-ақ, «Эксклюзив Строй» ЖШС.
Жобаның бюджеті 174 880 900 теңгені құрайды, оның ішінде: жобалау, құрылыс, монтаждау, жарақтандыру - 169 880 900 теңге; техникалық қадағалау – 5 000 000 теңге.
2. Орталықтарды ашу мерзімдерін бекіту бөлігінде «Ерте араласу орталықтарын жарақтандыру» қайырымдылық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
▪ Солтүстік Қазақстан облысы - 2024 жылғы қаңтар;
▪ Қарағанды облысы - 2024 жылғы қаңтар;
▪ Қостанай облысы - 2024 жылғы қазан;
▪ Қызылорда облысы - 2024 жылғы қазан;
▪ Павлодар облысы - 2024 жылғы қараша;
▪ Алматы қ. - 2024 жылғы қараша.
3. «Мүгедектігі бар балалар мен жастарды (14-29 жас) инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету», «Сирек (орфандық) аурулары бар пациенттерді қымбат дәрілік препараттармен қамтамасыз ету» қайырымдылық бағдарламаларының мониторингі бойынша аралық есептер, «Болашақ инженерлер» қайырымдылық бағдарламасының мониторингі бойынша түпкілікті есеп назарға алынды.
4. «Мүгедектігі бар балалар мен жастарды (14-29 жас) инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету» қайырымдылық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
5. «QH Моноқалалардағы болашақ инженерлер» қайырымдылық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
6. «Қазақстан халқына» ҚҚ қайырымдылық қаражаты есебінен орфандық аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі есеп назарға алынды.
7. 2024 жылдың 1 тоқсанына орфандық аурулары бар азаматтар үшін дәрілік препараттарды сатып алуды қаржыландыру лимиті бекітілді.
8. «Онкология және гематология бөлімшелерінің дәрігерлерін шетелде оқыту» қайырымдылық жобасын бекіту туралы» мәселе бойынша Қордың Қамқоршылық кеңесінің 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімінің (№ 29 хаттама) күші жойылды деп танылды.
9. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының 2024 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.
10. «Қордың әкімшілік шығыстарының аудиті» және «Сатып алу туралы ішкі ережелердің сақталу аудиті» мәселелері бойынша аудиторлық есеп назарға алынды.
11. 2024 жылға арналған Аудит жоспары бекітілді.
12. 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығына Қамқоршылық кеңестің отырыстарын өткізу кестесі бекітілді.