2023 жылғы 20 қараша күні «Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Келесі шешімдер қабылданды:
1. «QH Қордай арнаулы әлеуметтік орталығы» қайырымдылық жобасы бекітілді.
Жобаның мақсаты – заманауи стандарттарға сәйкес балалардың сөйлеуін түзетуді күшейту тұрғысынан медициналық-әлеуметтік оңалтуды жетілдіру.
Қайырымдылық жоба Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-ның логопед кабинетін жабдықтауға бағытталған.
«Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ Қордай өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді (оның ішінде оңалту) көрсететін жалғыз мемлекеттік мекеме болып табылады. Орталық 2015 жылы Қордай кентінде ашылған және әлеуметтік қызметтің мына 8 түрі бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады: әлеуметтік-медициналық қызметтер; әлеуметтік-экономикалық қызметтер; әлеуметтік-еңбек қызметтері; әлеуметтік-педагогикалық қызметтер; әлеуметтік-құқықтық қызметтер; әлеуметтік-психологиялық қызметтер; әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер; әлеуметтік-мәдени қызметтер. Қордай орталығы Қордай ауданының сал ауруы, аутизм, аун синдромы және т.б. диагнозы бар, сондай-ақ сөйлеу қабілеті бұзылған 30 баласына (оның ішінде жақын ауылдардың – 21 баласы да барады) арнаулы әлеуметтік қызмет (оның ішінде оңалту қызметтерін) көрсетеді.
Осы балалардың сөйлеу қабілетін дамыту олардың әлеуметтенуі мен бейімделуінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Жоба шеңберінде логопед кабинеті бірнеше жұмыс аймағына бөлінеді: жеке түзету аймағы; сенсомоторлы аймақ; оңашалану аймағы; білім беру аймағы; техникалық оқу құралдарының аймағы; жұмыс аймағы, әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз ету саласы.
Қор Қордай орталығының логопед кабинетін 11,2 млн. теңгеге жабдықтауды қарастырды.
2. «QH Жетісу облысы Көктал және Қапал ауылдарында құрастырмалы модульді ангар типті спорт залдарын орнату» қайырымдылық жобасы бекітілді.
Сондай-ақ, Жобаны іске асыру, оның ішінде шарттар жасау және Қор тарапынан қаржыландыру нысандарға Жетісу облысы әкімдігі инженерлік желілерді (сумен жабдықтау, электр қуатын беру) қосуға қаражат бөлу туралы растаушы құжаттарды ұсынғаннан кейін бастау іске асыруды туралы шешім қабылданды.
3. Сирек кездесетін аурулары бар азаматтарға дәрілік заттарды сатып алуға 2023 жылдың 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейінгі кезеңге 4 400 000 000 (төрт миллиард төрт жүз миллион) теңгеден аспайтын сомаға қосымша қаржыландыру лимиті бекітілді.
4. «Өңірлер картасы» - «Қазақстан халқына» ұлттық қайырымдылық бойынша II конференциясының қорытынды құжаты мәлімет үшін қабылданды.
2023 жылдың 15 тамызы мен 4 қазаны аралығында Қор өңірлік бастамаларды қолдауға арналған жалпыұлттық қайырымдылықтың II конференциясын өткізді. Қор барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жергілікті атқарушы органдардың, КЕҰ және қоғамдық пікір көшбасшыларымен, мәслихаттар депуттарымен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен, сарапшылармен, Қор серіктестері және журналистермен дөңгелек үстелдер өткізді. Конференция шеңберінде Қор тарапынан көмек көрсетуге қатысты 300-ден астам ұсыныс, ескерту мен өтініш келіп түсті. Келіп түскен барлық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша Конференцияның Қорытынды құжаты – 2024 жылы Қор қызметіне негіз болатын Өңірлер картасы жасалды. Өңірлер картасында Қордың қолданыстағы және бұдан әрі жалғасын табатын бағдарламалары мен жобалары, сондай-ақ еліміздің 20 өңірінің әрқайсысының бірегей қажеттіліктер мен ерекшеліктерді ескере отырып, әрбір өңір бойынша әлеуетті бағдарламалар мен жобалар тобы көрсетілді.
5. «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның 2024 жылға арналған әкімшілік бюджеті бекітілді.
6. Толықбаев Мақсат Мәлікұлының Қамқоршылық кеңестің мүшесі өкілеттігі оның жеке бастамасы бойынша жазбаша хабарламаның негізінде тоқтатылды.