«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетті
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры қаңтар оқиғасында қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Құзырлы орган оқиғаның жазатайым құрбаны екенін растаған үш азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберді. Сондай-ақ, ауыр жарақат алған үш баланың және қайтыс болған екі баланың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберілді.
Бұл санаттағы азаматтарға жолданған жалпы төлем сомасы 44 млн теңгені құрады. Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.
Еске салайық, Қамқоршылық кеңестің шешімімен қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны деп танылған барлық қаза тапқан азаматтардың жақындарына құзырлы органдар тиісті тізімдер жарияланғаннан кейін ақшалай көмек көрсетілетін болады. Бұл барлық тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады деп болжануда.