Әлемдегі ең қымбат дәріні қаржыландыру үшін маңызды үшжақты келісімге қол қойылды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «University Medical Center» корпоративтік қоры және «Новартис» биофармацевтикалық компаниясы Қазақстанда тіркелмеген «Онасемноген абепарвовек» (Zolgensma) препаратын жеткізуге және дәрігерлерді препаратты қолдану бойынша оқытуды ұйымдастыруға үшжақты келісім-шарт дайындады.

Қордың Сараптамалық комитеті «Өмірге сен» емделуші ұйымының өтініміне сәйкес– орфандық дертке шалдыққан 4 балаға препаратты сатып алуға қатысты ұсыныс берді.

Қор кеңесі «Новартис» компаниясынан «Онасемноген абепарвовек» (Zolgensma) сатып алу туралы шешім қабылдады.

Zolgensma - гендік бұзылулардан туындаған жұлын бұлшықет атрофиясы бар науқастарды емдеуге арналған гендік терапия препараты. Өндірушінің хаттамасына сәйкес, препарат салмағы 13,5 кг аспайтын, 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға рұқсат етілген. Zolgensma препараттары сынақтардың нәтижелеріне және пациенттердің салмағына сәйкес арнайы жеке дайындалатыны атап өтілді.

Препаратты қабылдағаннан кейін науқас балалар «University Medical Center» корпоративтік қорының ауруханасына оңалту үшін жатқызылады. Қазір «Новартис» компаниясы ғалымдары Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығының жанынан арнайы құрылған көпсалалы дәрігерлер тобының мүшелеріне препаратпен жұмыс істеу үшін оқу курсын өткізуде.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.