16 қаңтар күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті.
1. Отырыс барысында 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балаларына және жараланған балаларға білім беру гранттарын беру туралы шешім қабылданды.
Бұл Қордың білім беру гранты есебінен азаматтардың осы санатына жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуға тегін мүмкіндік береді. Оқу ақысы әрбір өтініш беруші бойынша бір оқу жылына 1 млн теңгеге дейінгі сома, жоғары оқу орындарында және техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту 4 жылға дейін құрайды деген есеппен жүргізілетін болады. Осылайша, Эндаумент қорында қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 238 ҚР азаматы балалары және жараланған 13 бала бойынша Қордың цифрлық порталында тіркелген өтінімге сәйкес ашылған ашық арнайы шоттарында 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі әрбір балаға 4 млн теңгеге дейін сома жинақталады.
18 жасқа толған (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) қаңтардағы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары мен жараланған балалар тиісті өзгерістер енгізілген қолданыстағы қайырымдылық бағдарламасы аясында Қордың білім беру грантына құқылы. Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Осы тетікті іске асыру үшін Қамқоршылық кеңесте нысаналы капиталды (эндаументті) қалыптастыру тұжырымдамасы қаралып, назарға алынды және қолданыстағы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» бағдарламасына өзгерістер мақұлданды.
2. Қамқоршылық кеңес «Coursera – қазақ тілінде» қайырымдылық жобасын бекітті.
Жобаның мақсаты – әлемдегі ең танымал және беделді саналатын «Coursera» білім беру платформасының курстарын қазақ тіліне аудару арқылы Қазақстандағы адами капитал сапасын жақсарту үшін Қазақстанның 25 өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне қолжетімді ету.
Жоба аясында Қор еліміздегі өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне «Coursera» білім беру платформасының 19 310 пайдаланушылық лицензиясын беруді, сондай-ақ платформаның кең каталогынан жоғары оқу орындарының талаптары мен ұсыныстары бойынша іріктелген «Coursera» білім беру платформасының 654 курсын аударуды қаржыландырады.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде 2023 жылы «Coursera» білім беру платформасының лицензияларымен кемінде 20 мың адамды қамту жоспарлануда.
Бағдарламаны іске асыру бойынша серіктестер: «BMG UpSkill» компаниясы, Coursera Inc., жоғары оқу орындары және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі.
3. Қамқоршылық кеңес құрамындағы өзгерістер.
А) Қамқоршылық кеңес Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ораз Жандосовтың өз бастамасы бойынша жазбаша хабарламасы негізінде оның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Б) Қор Жарғысының 5.5 тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамы, әдетте, жыл сайын үштен біріне жаңартылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде Қамқоршылық кеңестің жаңа мүшесі бір ай ішінде сайлануы тиіс.
Бұған дейін Қамқоршылық кеңестің 26.12.2022 ж. шешімімен Қамқоршылық кеңестің екі мүшесі А.Саин мен С.Тәукелеваның өкілеттіктері тоқтатылды.
Қор Жарғысында 5.3 тармағына сәйкес, Қамқоршылық кеңес мүшелерін сайлау қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады.
Қор Жарғысының 5.3, 5.5 тармақтарына сәйкес Қамқоршылық кеңестің шешімімен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ президенті Бану Ғаниқызы Нұрғазиева Қамқоршылық кеңес мүшесі болып сайланды. Кандидатураны еліміздің барлық өңірінде төрт мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық белсенділерді біріктіретін Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұсынды.
Бану Нұрғазиева – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және т.б. марапатталған.
4. «Қайырымдылық көмек көрсету ережелері» және 2023 жылға арналған аудит жоспары бекітілді.