Б.Төреғожинаның постына қатысты

Бүгін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Б.Төреғожина Жәмила Бурабаеваның қаңтар айындағы қайғылы оқиға кезінде атыс қаруынан зардап шеккен ауыр жараланған адам ретінде 3 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек алмағаны туралы видеосы бар пост жариялады. 2023 жылдың 5 қаңтарындағы жағдай бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық көмек көрсетілген қаңтар оқиғалары барысында зардап шеккен азаматтардың толық тізімі Қор сайтында жарияланған.
Қор Бас прокуратура ұсынған құжаттарға, оның ішінде банктік деректемелерге сәйкес ақша аударылғанын, ал 2022 жылдың 6 желтоқсанында Ж.Бурабаеваның «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-тағы есеп шотына түскенін хабарлайды. 
Бүгін Қордың ресми өкілі-баспасөз хатшысы Д.Бейсенбек Ж.Бурабаевамен телефон арқылы сөйлескенінде, сондай-ақ өзінің бейнеөтінішінде Ж.Бурабаева ақшалай қаражаттың түскенін растады және осыған дейін бұл соманың түскенін байқамағанын, сондай-ақ шағымы жоқ екенін және көрсетілген материалдық көмек үшін Қорға алғысын білдірді. 
Бұл ақпарат Б.Төреғожинаның жарияланымымен танысқан Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушыларына арналған. Себебі, посттың авторы Б.Төреғожина жағдайдың барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қажетті түсініктеме берусіз Ж.Бурабаеваның видеосын өшіріп тастаған болатын.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.