«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры атынан алаяқтар қоңырау шалуда

Құрметті қолданушылар, «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры алаяқтық фактілері көбейіп жатқанын ескертеді, алаяқтар өздерін  Қордың өкілдері ретінде таныстырады.

Олар телефон соғып, өздерін «Қазақстан халқына» қорының қызметкерлері ретінде көрсетіп, жәрдемақы ұсынып, «Қазақстан халқына» қорына жүгінгендер материалдық төлемге ие бола алатынын айтады. Төлемді «алу» үшін алаяқтар абоненттерден 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарламада жіберілген кодты жазуды, содан кейін «Қазпошта» АҚ арқылы ақша алуды сұрайды.

Өтінеміз, сақ болыңыздар! «Қазақстан халқына» қоры «Қазпочта» АҚ арқылы қолма-қол ақшалай төлемдерді тағайындамайды және Қор қызметкерлері ешбір жағдайда SMS-код сұрамайды. Алаяқтармен ешқандай ақпаратпен бөліспеңіз және 1414 нөмірінен алынған кодтарды үшінші тұлғаларға бермеңіз.

Сондай-ақ, қор мессенджер арқылы бейне-аудиоқоңыраулар жасамайды. Барлық өтінімдер тек qazaqstanhalqyna.kz (сайтқа сілтеме профильде орналасқан) және атаmekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының сайттарында бірыңғай реестр арқылы қабылданады, мұнда қолданушы өз өтініші жайлы толық ақпарат ала алады.

"Қазақстан халқына" қоры қаржылық көмек көрсетпейді.

Біз азаматтардың өсек-аяңға сенбеуін және алаяқ ұйымдардың арандатушылықтарына бой алдырмауын сұраймыз.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.