Қор төрағасы Болат Жәмішев Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар, азаматтарға көрсетіліп жатқан қайырымдылық көмектер туралы баяндап, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру тәсілдеріне тоқталды.
Бүгінгі таңда Қор 10 бағыт бойынша қайырымдылық бағдарлама мен жобаны жүзеге асыруда, оның 8-і медициналық көмек көрсетуге бағытталған, бір жоба ауыл балаларының спорт саласындағы әлеуметтік жағдайын жақсартуға және бір бағдарламада халықтың әлеуметтік осал топтарындағы талапкерлер мен студенттер үшін білім беру гранттары.
Кездесу барысында Қордың мақсатты бағыттарын айқындау үдерісіне қоғам мен қоғамдық институттарды кеңінен тарту қажеттігі ерекше атап өтілді. Қор төрағасы Мемлекет басшысына Қордың жаңа толықтырылған Тұжырымдамасын және Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының проспектісін әзірлеу бойынша жұмыстардың басталғанын хабарлады. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектор өкілдерінің, мәслихат депутаттарының, қорға қайырымдылық бағытындағы қаржыны құюшы бизнес өкілдері, сарапшылар мен сала мамандары тартылады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы барлық тиісті ақпарат халыққа жүйелі түрде жеткізілетін болады. Осы жұмыстың нәтижесі ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін Ұлттық қайырымдылық конференция болмақ. Конференцияда Қордың жаңа Тұжырымдамасы және Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының проспектісі қабылданады.