Қызылордада «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынып жатқан спорт кешенінің алғашқы кірпіші қаланды

Қызылорда облысында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасын іске асыруға арналған кездесу өтті.

Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нурлыбек Налибаев, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Лаззат Чинкисбаева, бейінді басқармалардың басшылары, қоғам, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ қайырымдылық бағдарламалары аясында қордан көмек алған балалардың ата-аналары қатысты.

Кездесудің түйінді қорытындысы Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры және мердігер ұйым болып табылатын
«Р и А Сервис ЛТД» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қою болды. Құжат ДСК құрылыс жобасын бірлесіп іске асыру жөніндегі тараптардың ниеттерін бекітеді және өзара іс-қимылдың негізгі параметрлерін айқындайды. Бұған дейін қайырымдылық жобасын «Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесі бекіткен болатын.

Сондай-ақ, осы күні жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына алғашқы кірпіш қалаудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға қатысушылар болашақ ұрпаққа жолдауы бар символдық капсула салып, жобаның қала тұрғындары үшін нағыз сыйлық болатынына сенім білдірді.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спорт ‒ дені сау және табысты ұлттың негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Бүгін осы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің алғашқы кірпішін қалау арқылы біз мыңдаған қызылордалықтар үшін денсаулық, күш және болашақтың іргетасын қалаймыз. «Қазақстан халқына» қоры үшін осы тұста тек қол ұшын беріп қана қоймай, ұзақ жылдар бойы өңірдің әрбір тұрғынының игілігі үшін жұмыс істейтін инфрақұрылымды құру маңызды», - деп атап өтті «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Лаззат Чинкисбаева

Кешен қаланы дамытудың бас жоспары шеңберінде белсенді салынып жатқан жаңа тұрғын алабындағы әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі объектілерінің біріне айналады. Оның мақсаты ‒ жасына, дайындық деңгейіне немесе физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан азаматтардың барлық санаттары үшін дене шынықтыру мен спортқа қол жетімділікті қамтамасыз ету.

2 қабатты кешеннің жалпы ауданы 3250 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта жаттығулар мен бос уақытты белсенді өткізуге қажетті барлық заттар қарастырылған: командалық спорт, волейбол, баскетбол және гандболға арналған әмбебап спорт залы; жаттығу және фитнес залдары; жекпе-жек және күрес залы; топтық жаттығулар мен тенниске арналған бөлмелер; кітапхана, коворкинг-кеңістік; шахмат клубы; киім ауыстыратын бөлмелер, душ, буфет, медициналық пункт және өзге де техникалық үй-жайлар.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жеке және топтық сабақтар өткізуге қолжетімді болады. Мұнда оқушылар, жастар, ересектер мен зейнеткерлер спортпен шұғылдана алады.

Ғимараттың алғашқы кірпішін қалау Қызылорда тұрғындарына спортпен шұғылдануға, белсенді демалуға және денсаулықты нығайтуға жаңа кеңістік сыйлайтын маңызды жобалық бастаманың символына айналды. Бұл жоба мемлекеттің, қоғамның және бизнестің күш-жігерін біріктіру арқылы нақты нәтижеге жетудің әрі адамдардың өмір сүру сапасын жақсы жаққа өзгерте алудың айқын көрінісі болып табылады.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.