бағдарламалар мен жобалар

Мәдениет

Мұнда сіз Қордың Мәдениет саласындағы бағдарламаларымен және жобаларымен таныса аласыз

QH Батыс Қазақстан мен Абай облысында «Жаңа клуб/Jaña klub» ауылдық кітапханалар базасында комунити-орталықтар құру

Қайырымдылық жобасы ауылдық кітапханаларды заманауи көпфункционалды кеңістіктерге айналдырады. Жоба аясында Батыс Қазақстан облысының 24 ауылы мен Ақсай қаласында 9 мың шаршы метр кітапхана кеңістігі жаңғыртылды, ал кітап қоры 21 350 данаға толықтырылды, бұл 130 мың тұрғынға жаңа мүмкіндіктер ашты, олар енді вокалмен, сурет салумен, қолөнермен айналыса алады, ұлттық қолөнерді жандандыра алады, подкасттар жаза алады және eGov қызметтерін ала алады.

2026 жылдың шілде айынан бастап Абай облысында жобаның бірінші кезеңі басталды, онда 15 кітапхананы жаңғырту ауылдық елді мекендердің 109 845 тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартады

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Батыс Қазақстан облысы мен Абай облысының тұрғындары

МӘДЕНИЕТ
  • Басталуы: 2024
  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 1,778 млрд. теңге


QH Арқалық – мәдени даму алаңы: заманауи мәдени-демалыс ортасын құру

Жобасының мақсаты – «Арқалық қалалық Мәдениет сарайы» МКҚК базасында халықтың жан-жақты дамуына ықпал ететін бағдарламаларды енгізе отырып, заманауи, қолжетімді және көпфункционалды мәдени кеңістік қалыптастыру болып табылады.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:  «Арқалық қалалық Мәдениет сарайы» МКҚК және Арқалық қаласының тұрғындары

МӘДЕНИЕТ
  • Басталуы: 2025
  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 417 млн. теңге


© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.