Балалар үшін спортқа қол жетімділік деңгейі төмен елдің шалғай елді мекендерінде балалар спортының қолжетімділігін арттыру.
183 623 000 теңге
Елдің шалғай елді мекендерінде тұратын балалардың отбасыларында қаржылық мүмкіндіктердің болмауы оларды отбасының әлеуметтік осал санатына жатқызады.
Жобаны іске асыру балаларды дене шынықтырумен қамтуды, спортпен айналысу арқылы денсаулығын нығайтуды және соның салдарынан энергияны спорттық өзін-өзі іске асыруға бағыттай отырып, денсаулыққа зиянды әдеттер мен іс-әрекеттерді қалдыруды қамтамасыз етеді.
Балаларға арналған қайырымдылық спорт залдарын ашу жобасының ерекшелігі балалар арасында спортпен айналысу үшін жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спорт секцияларына бару барысында болашақ спортшыларды адамгершілік тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, достық, өзара көмек, қолдау құндылықтарын, зал бойынша жаттықтырушылар тарапынан бір клубтарды насихаттау болып табылады.
«Батыр боламын» қоғамдық қоры еліміздің облыстары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп балаларды спортпен қамту қажеттілігін пысықтады, спорттық инфрақұрылымы (залдары, спорттық секциялары) жоқ елді мекендер (негізінен ауылдық жерлер) айқындалды.
Спорт залдарын ашу болжанатын 24 бірлік елді мекендер мен объектілердің тізбесі жасалды. Әрбір жер бойынша спорт залдарын ашу жоспарланып отырған елді мекеннің және объектінің сипаттамасы бойынша егжей-тегжейлі ақпараты бар чек-парақ қалыптастырылды.
Бүгінгі таңда 21 зал ашылып, жұмыс істеуде: Ақмола облысы, Тасты а.; Алматы облысы, Ават және Қазақстан а.; Жетісу облысы, Черкасск а.; Қарағанды облысы, Изенді а.; СҚО, Покровка а.; Түркістан облысы, Қақпақ а.; Ұлытау облысы, Жезді және Талап а.; БҚО, Ақсай қаласы, Ақпәтер, Дариян, Бұлан, Қарауылтөбе а.; Маңғыстау облысы, Бейнеу, Ақжігіт, Сенек, Үштаған а.; Атырау облысы, Доссор, Бөдене а., Қостанай облысы, Новотроицкое а.
2022 жылғы мамыр-желтоқсан айлары.