Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жарлы және Бесоба ауылдарында 16 тамыз күні екі спорт зал салтанатты түрде ашылды.
Іс-шара «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының «Батыр боламын» Қоғамдық қорымен бірлесе іске асырылып жатқан «76 балалар спорт залдары» қайырымдылық жобасының аясында және жергілікті кәсіпкерлері мен қоғамдық белсенділердің қолдауымен өтті.
Жаңа залдар балалар мен жасөспірімдердің жайлы жағдайда спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін түрлі спорт түрлеріне арналған жоғары сапалы жабдықтармен және керек-жарақтармен жабдықталған.
Білікті жаттықтырушыларды іріктеу бойынша міндеттемені жергілікті атқарушы органдар алды, бұл жас спортшылардың жоғары дайындық деңгейіне кепілдік береді.
Қазақстанның ауылдық жерлерінде спорт инфраструктурасын дамыту үшін және 20 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді, оның ішінде дамуында ауытқуы бар балаларды спортпен қамту мақсатын көздейтін 2 кезеңді «100 балалар спорт залы» қайырылымдылық жобасы 2022 жылы басталды.
Бағдарламаның 1 кезеңін іске асыру аясында өткен жылы 10 облыстың ауылдық жерлерінде балалар спорт залдары ашылып бүгінгі күні 5000-нан астам бала мен жасөспірім спортпен шұғылдануда.
Жобаны жүзеге асыру жастардың спортпен шұғылдануына және дарындылығын көрсетуіне мүмкіндіктер туғыза отырып спорттық дағдыларын дамытуға жағдай жасайды.
Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстан атынан халықаралық аренаға шығатын болашақ спорттық олимпиада жеңімпаздары мен кәсіби спортшыларды тәрбиелеуге негіз болатын білікті спорт жаттықтырушы-тәлімгерлерінің («Салауатты ұлт тәлімгерлері») тұрақты пулы құрылады.
Бүгінгі таңда еліміздің 8 өңірінде 42 зал жабдықталды (кезең), жыл соңына дейін 6 өңірде 34 залды ашуды аяқтау жоспарлануда.
«100 бала спорт залы» бағдарламасы аясында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының жалпы жарнасы 938 млн теңге, «Батыр боламын» Қоғамдық қоры 490 млн теңге.
Бұл қаражат спорт залдарына арналған үй-жайларды жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жаттықтырушы-тәлімгерлерге күнтізбелік бір жыл бойы еңбекақы төлеуге, қосымша спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға және іссапар шығындарын жабуға бағытталған.