Doosan Enerbility компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 44 миллион теңге бөлді
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұрғын үй құрылысына қаржылай көмек көрсету туралы келісім бүгін «Дусан Энерджи» АҚ Түркістан облысы филиалының директоры Ким Ючон мырза мен «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен кездесуінде бекітілді.
Ким Ючон мырза апаттың салдарынан қарапайым тұрғындар зардап шеккенін және осыған орай Doosan Enerbility компаниясы баспананы қалпына келтіру үшін қаражат бөлуге шешім қабылдағанын атап өтті.
«Қазақстан халқына» қорын серіктес ретінде таңдауы өңірлердегі құрылыстың нысаналы бағдарламасы және қаржыны жұмсалуының ашықтығымен айқындалды.
Оңтүстік Кореяның Doosan Enterbility компаниясы Түркістан облысында қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу жөніндегі жобаның бас мердігері болып табылады.
Doosan Enerbility - электр энергиясы, сумен жабдықтау және жел энергетикасы салаларында жетекші құзыреттері бар Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының бірі.