Сербия республикасы су тасқынынан қираған баспана құрылысына 1 миллион еуро бөлді

10 мамырда «Қазақстан халқына» қорының есепшотына Сербия үкіметінен су тасқыннан зардап шеккен аудандарда үй салуға 1 миллион еуро түсті. Бұл шешім екі ел арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік пен достықтың символы болып табылады.

«Бұл жәрдем екі ел арасындағы ынтымақ деңгейін көрсетеді және шетелдік донорлардың біздің қызметімізге артып келе жатқан сенімі мен көмекті бөлудегі ашықтықты көрсетеді», - деді «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Жалпы, 2024 жылдың 10 мамырдағы жағдай бойынша табиғи апаттан қираған тұрғын үйлерді салуға қордан бөлінген 10 миллиард теңгеден бөлек қосымша 5,3 миллиард теңге жиналды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 6 мамырда екі елдің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич телефон арқылы сөйлескен болатын. Президенттер екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, бұрын қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және Қазақстан Президентінің Белградқа алдағы сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Айта кету керек, Қазақстан 2014 жылы алапат су тасқынына байланысты Сербияға шатыр, дәрі-дәрмек пен ең қажетті заттарды жіберіп, гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.