"Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры мен Қостанай облысының әкімдігі су тасқынынан қатты зардап шеккен Жангелдин және Амангелді аудандарында
тұрғын үйлер салу туралы Меморандумға қол қойды.
Қордың қаржы ресурстары есебінен жергілікті атқарушы органдар ұсынған үлгілік жоба бойынша азаматтар үшін 100-ге дейін үй салынатын болады.
Меморандум барлық рәсімдердің ашықтығын сақтай отырып және құрылыс жұмыстарының кезеңдерін құжаттамалық сүйемелдей отырып, тараптардың бірлеск
ен тәсілдерін, міндеттерін және қысқа мерзімде қайырымдылық мақсатқа жету үшін функцияларды бөлуді айқындайды.
Су басқан аудандарында жергілікті атқарушы органдар зиянды бағалауды және болашақта су басу қаупі жоқ аймақтардағы жаңа үйлер үшін жер учаскелерін
бөлуді,инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды дайындауды қоса алғанда, құрылыс туралы қажетті қорытындыларды дайындауды қамтамасыз етеді.
Түсіндіру жұмыстарын және жобаны зардап шеккен тұрғындармен келісуді қоса алғанда, ҚР заңнамасында көзделген кешенді сараптама мен басқа да
рұқсат беру құжаттамасын алу серіктестіктің міндетті шарты болып табылады.
Барлық кезеңдердің ашықтығы мен мониторингі үшін облыс әкімдігінің жұмыс тобына ЖАО, тәуелсіз сараптамалық (бағалау) құрылымдарының өкілдерімен қатар
қоғамдық ұйымдарды қосу ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап Қор басшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрғын үй құрылысын
ұйымдастыру бойынша өңірлік жедел штабтармен дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыс сапары барысында ЖАО-мен бірлесіп аудандар, елді мекендердің тізбесі, құрылысқа арналған учаскелер саны айқындалды. Жобалық, инжинирингтік,
құрылыс компанияларымен кездесулер өтті. Бұған дейін БҚО-да 114 үй және СҚО-да 100 үй салу туралы меморандумдарға қол қойылған болатын. Айдың соңына
дейін Ақтөбе және Ақмола облыстарында тиісті меморандумдарға қол қою жоспарлануда.
8 сәуірде Қордың Қамқоршылық кеңесі ауылдық жерлерде үйлер салуға 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекітті. Қосымша, осы мақсаттарға 1-30 сәуір аралығында түскен барлық ақшалай қаражат бағытталатын болады. Қор өзінің ресми сайтында донорлар мен аталған сомалардың мөлшерін көрсететін есепті орналастырады.