Жомарттық пен бірлік: табиғи апаттардан зардап шеккендерге 4,7 млрд теңге жиналды

2024 жылғы 26 сәуірге «Қазақстан халқына» қорына азаматтар мен компаниялардан жиналған қайырымдылықтардың жалпы сомасы 4,72 млрд теңгеге дейін жетті.

2024 жылғы 19-26 сәуір аралығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына азаматтар мен компаниялардан 2,18 млрд теңге түсті. Өткен аптада су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетуге қазақстандық бизнесмендер – «Ақниет групп» мажоритарлық акционері Қайрат Итемгенов (1,3 млрд теңге), сондай-ақ «Nomad Life» және «Номад Иншуранс» сақтандыру компанияларының жалғыз акционері Алмас Мыңбаев (450 млн теңге) елеулі үлес қосты.

«Қазақстан халқына» қоры Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі бастамасын қолдағандардың барлығына алғыс білдіреді.

Су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау жалғасуда, барлық жиналған қаражат апаттан зардап шеккендерге ауылдық жерлерде үйлер салуға бағытталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қордың Қамқоршылық кеңесі ауылдық жерлерде үйлер салуға 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді қабылдаған болатын. Бүгінгі таңда Қор су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үшін Батыс Қазақстан облысының (114 үй) және Солтүстік Қазақстан облысының (100 үй) әкімдіктерімен тұрғын үйлер салу туралы меморандумдарға қол қойды.

Жақын арада Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында құрылыс жүргізу үшін ауылдар мен аумақтар анықталып, тиісті меморандумдарға қол қойылады.

Қор қайырымдылық үшін тек Қордың ресми сайтында көрсетілген шоттар мен деректемелерді пайдалануды сұрайды qazaqstanhalqyna.kz/ru/donors.html.

Жеке тұлғалар үшін аударымдар банктердің мобильді қосымшаларында «қайырымдылық» бөлімінде қолжетімді.

 

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 2024 жылғы 1-26 сәуір аралығында келіп түскен түсімдер туралы есеп:

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.