«Қазақстан халқына» қоры Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың табиғи апаттан зардап шеккен барлық тұрғындар мен өңірлерге барынша қолдау көрсетуге шақыруын қолдай отырып, ауылдық жерлерде жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге 200 үй салуды қаржыландырады.
Елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын қазақстандықтар мен ұйымдар су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетуге қатысу туралы мәселелерімен Қорға жүгініп жатыр.
Азаматтар мен кәсіпорындардың бастамасын назарға ала отырып, Қор ұйымның шоттарына түскен қаражатты жинауға және оның ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге дайын екенін хабарлайды.
1-30 сәуір аралығында заңды және жеке тұлғалардың барлық ерікті қайырымдылықтары шешімдер негізінде және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен зардап шеккендер үшін ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға жіберілетін болады. Қор донорлар мен аударылған сомалардың мөлшерін көрсете отырып, егжей-тегжейлі есепті жариялайтын болады.
3 сәуірдегі жағдай бойынша Қордың шоттарына компаниялар мен жеке тұлғалардан 630 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық жарналары түсті.
Қайырымдылық Қордың ресми веб-сайтында https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/donors.html көрсетілген, қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі 8 қазақстандық банктегі шоттарына қаражат аудару арқылы қабылданады. Жеке тұлғаларға ыңғайлы болу үшін аударымдар банктердің мобильді қосымшаларында «қайырымдылық» бөлімінде қолжетімді.