"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан салдарынан зардап шеккендерге қолдау көрсетеді
Ағымдағы жылдың 31 наурызында "Қазақстан халқына" Қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі өтті. Тұжырымдамаға сәйкес, қордың мақсаттарының бірі - төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету болып табылады. Осыған орай, қор жалпы сомасы 5 млрд теңгеге Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқынынан салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді. Қайырымдылық көмек жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеруі және ауылдық жердегі тұрғын үйді тиісті сараптама ұйымдары жарамсыз деп таныған жағдайда көрсетіледі. Растайтын құжаттар алынғаннан кейін қордың ішінде шешімді бекітудің тиісті рәсімдері жүргізілетін болады. Сонымен қатар, 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына қайырымдылық көмек көрсету тәжірибесіне сүйене отырып, қор су тасқынынан зардап шеккен ауылдық елді мекендерде 200 осындай үй салуға болады деп есептейді. "Қазақстан халқына" қоры ҚР Президенті Қ. Тоқаев пен ел Үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық іс-шараларын қолдайды.