2024 жылғы 11 наурызда «Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті.
Келесі шешімдер қабылданды:
1. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға, білім беру және әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы қоғамға интеграциялауға бағытталған «QH Ұлытау-Мейірім» қайырымдылық жобасы бекітілді. Жоба 2024 жылдың қаңтар айында Жезқазған қаласында ашылған «Ұлытау-Мейірім» қоғамдық қоры жанындағы орталық базасында 18-30 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға сапалы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған.
Жоба аясында орталықты 6 млн. 875 мың теңгеге түзету, спорттық, музыкалық құралдармен, тігін машиналарымен және басқа да жабдықтармен жарақтандыру жоспарланып отыр. Бұл музыкалық сабақтар, спорт және еңбекке баулу терапиясы арқылы арнайы дайындық, мінез-құлықты түзету бағдарламаларын қолдануды қамтамасыз етеді.
Жобаның серіктестері: «Ұлытау-Мейірім» қоғамдық қоры, «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.
2. «QH Ақмола облысының Степногорск қаласында ангар үлгісіндегі жылдам салынатын модульдік спорт залын орнату» қайырымдылық жобасы бекітілді.
Спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаны іске асыру ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоса алғанда, әртүрлі жас топтары үшін командалық спорт түрлерімен (футбол, волейбол, баскетбол) айналысуға мүмкіндік береді. Жобаның бюджеті 173 млн. теңге.
«Қазақстан халқына» ҚҚ серіктестері Степногорск қаласының әкімдігі, «АИР строй монтаж» ЖШС және «Құдырет-НС» ЖШС.
Бұл моноқаланың таңдалу себебі бірқатар факторларға байланысты:
1) халыққа арналған спорттық инфрақұрылым тапшылығы (ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының қорытындыларына сәйкес);
2) Жергілікті атқарушы органдардың (Степногорск қаласының әкімдігі) қажетті орталық сыртқы инженерлік коммуникацияларды (электр энергиясы, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз) жүргізуді қаржыландыруға дайындығы;
3) Степногорск қаласының аумағында жер учаскесінің болуы.
Бұған дейін Қамқоршылық кеңестің шешімімен (2023 жылғы 29 мамыр, № 36 хаттама) жылдам салынатын модульдік спорт залдарын орнату арқылы ауылдық жерлерде, моно және шағын қалаларда спорттық инфрақұрылымды дамыту тәсілдері бекітілді.
3. «QН Жаздық жолдама» жобасы аясында ауылдық жерлердегі балаларға арналған демалыс лагерьлеріне жолдама сатып алу тәсілдері бекітілді.
Игілікті алушылардың нысаналы тобы – оқуда, спортта, шығармашылықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, мектеп өміріне белсенді қатысатын 10-14 жас аралығындағы ауылдық мектептерден 20 000 бала, сондай-ақ аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік осал және басқа да санаттағы отбасылардан шыққан балалар.
Жобаның серіктесі ҚР Білім министрлігі, министрлік демалыс бағдарламасын, критерийлерін анықтайды, іріктейді, қызмет көрсетушілердің сапасын бақылайды. Ауылдық мектептер білім басқармасымен бірлесіп оқушылар арасында жазғы демалысқа жолдамаларды іріктеуді және бөлуді қамтамасыз етеді. Жазғы демалысқа барлық 20 мың жолдама әр өңірде тұратын балалар санына пропорционалды түрде бөлінетін болады.
Тәсілдерді бекіткеннен кейін «QН Жаздық жолдама-2024» қайырымдылық жобасы әзірленіп, Қамқоршылық кеңесінің бекітуіне шығарылады. Жобаның бюджеті 2.1 млрд теңге.
2023 жылдың жазғы кезеңінде құны 2,099 млрд теңге болатын «QН Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы ауыл мектептерінің 5-8 сыныптарының 19 754 оқушысын қамтыды. 26 лагерь базасында сауықтыру-дамыту бағдарламасы бар қауіпсіз және жайлы демалыс қамтамасыз етілді. Жоба қорытындысы бойынша облыстардың білім басқармалары ұсынған есептерде оң әлеуметтік және педагогикалық әсер атап өтілді.
4. «Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Жүнісова «Қазақстан халқына» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып сайланды.
5. 2023 жылғы жылдық есеп, «QН Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы бойынша мониторингтік есеп, «Жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша қайырымдылық көмек көрсету аудиті» және «Қордың бағдарламалары мен жобаларын іске асыру аудиті» мәселелері бойынша аудиторлық есеп бекітілді.
6. «Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің тапсырмаларын орындау туралы Ішкі аудит қызметінің ақпараты назарға алынды.