"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 2023 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша "Сәтті Жұлдыз" компаниясының Ұлттық лотерея операторынан 1,37 млрд теңге көлемінде қайырымдылық жарна түсті.
2023 жылдан бастап "Лотерея және лотерея қызметі туралы" Заңға сәйкес Ұлттық лотерея тоқсан сайын кірістер мен жүлде қорының сомасы арасындағы айырмашылықтың 10% "Қазақстан халқына" Қоғамдық Қорына аударуға міндетті.
Алдыңғы екі тоқсанның қорытындысы бойынша 2,3 млрд теңге аударылды. Осылайша, қоғамдық қордың пайдасына "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы есептеген жалпы сома 3,7 млрд теңгеден асады. Бұл ретте, 2022 жылы Ұлттық лотерея Қорға ерікті негізде 101 млн теңге аударды.
Құрылған сәттен бастап Қорға ірі компаниялардан, жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдардан, меценаттар мен жеке тұлғалардан барлығы 156,96 млрд теңге (2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша) түсті. Қор жалпы сомасы 144,1 млрд теңгеден астам қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыруды жоспарлады, оның ішінде 2023 жылғы 1 қазанға сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді 62,8 млрд теңге.
"Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры барлық қазақстандықтарға қайырымдылықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Қайырымдылықтар тек қана қолма-қол ақшасыз нысанда Қордың Екінші деңгейдегі 8 банктегі шоттарына, оның ішінде банктердің мобильдік қосымшалары ("қайырымдылық"бөлімі) арқылы ақша қаражатын аудару арқылы қабылданады.