2023 жылдың 9 қазанында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті.
Келесі шешімдер қабылданды:
1. Орфандық сырқаттары бар азаматтар үшін дәрілік препараттарды сатып алу тәсілдері жаңа редакцияда бекітілді. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге орфандық ауруы бар азаматтар үшін дәрілерді сатып алуды қаржыландырудың қосымша лимиті 11 000 000 000 (он бір миллиард) теңгеден аспайтын мөлшерде бекітілді.
Тәсілдердің мақсаты: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында мемлекет сатып алмайтын сирек және ауыр сырқаттары бар азаматтарды қымбат, заманауи инновациялық, тіркелмеген препараттармен қамтамасыз ету.
Сирек және ауыр сырқат, сирек тіркелмеген дәрілік препарат, әдеттегі дистрибьюция арналарын пайдалана отырып сатып алудың күрделілігі және т.б. айрықша жағдайларды Қор дәрі-дәрмектерді сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде негізгі критерий ретінде ұстанады.
Бұл тәсіл Қор мен сатып алудың ресми ұйымдастырушылары – Денсаулық сақтау басқармалары, «СК-Фармация» ЖШС арасындағы жауапкершілік аймақтарын ажыратуға, қайталануды болдырмауға мүмкіндік береді және өте қымбат препараттарды қажет ететін науқастарды Қазақстан Республикасында тіркелмеген; мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жабылмайтын; тіркелген кезде препараттар ТМККК және МӘМС шеңберінде қамтамасыз етуге кірмейтін өмірлік маңызды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді.
Қор расталған қажеттілік бойынша ДСМ/ДСБ/РМҰ-дан келіп түсетін өтінімдер негізінде орфандық (сирек) аурулар кезінде дәрілік препараттарды сатып алуды қаржыландыру бойынша қайырымдылық көмек көрсетеді.
2. «Медициналық ұйымдарды офтальмологиялық скринингке және шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз ету» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру сапасының мониторингі жөніндегі есеп назарға алынды.
2. Қамқоршылық кеңес мүшесі Арманжан Мерекеұлы Байтасовтың жазбаша хабарламасы қаралып, оның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.