Ұлытау облысында өңір әкімі Берік Әбдіғалиұлының, «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевтің, депутаттық корпус, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстел өтті.
Болат Жәмішевтің айтуынша, дөңгелек үстел аймақта қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылау мен айқындау мақсатында Ұлттық қайырымдылық бойынша ІІ конференцияның аясында өткізіліп отыр.
«7 тамыздан бастап Қор коммерциялық емес ұйымдар арасында сауалнама жүргізді, оған коммерциялық емес ұйымдардың 1200 өкілі қатысып, Қордың қызметіне кешенді баға берді. 15 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Қор денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт және мәдениет салалары бойынша 1000-нан астам КЕҰ-ның қатысуымен 21 тақырыптық онлайн zoom-кездесу өткізді, онда жұртшылықты толғандыратын мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары және Қордың қатысуы бойынша 100-ден астам ұсыныс айтылды. Қыркүйек айында Қор 20 өңірде дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлады. Сауалнама қорытындыларын, жұртшылық пен өңірлерден түскен сұрақтар мен ұсыныстар нәтижесін Қор қазан айында Конференцияның қорытынды отырысында таныстыратын болады. Бүгінгі кездесуде біз атқараған қызметіміз туралы есеп беріп, сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды тыңдағымыз келеді», - деп атап өтті Болат Жәмішев.
Бұдан әрі Қор басшысы Қордың қайырымдылық бастамаларына және Ұлытау саласындағы іске асырылған және жоспарланған қайырымдылық жобаларына тоқталды.
Облыста жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 11 қайырымдылық жобалар мен бағдарламалар іске асырылуда. Мысалы, Ұлытау облысында 6 пациент үшін жалпы сомасы 167,42 млн теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Өңірлік медициналық мекемелерді Ұлытау облысы бойынша офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету шеңберінде «Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы» КМК-ға жалпы сомасы 4 млн теңгеге диагностикалық линзалар мен офтальмоскоптар сатып алынды. ШЖҚ «Облыстық көпбейінді аурухана» КМК балалар нейрохирургиялық қызметі 32 млн теңге сомаға жабдықталады. Сондай-ақ, Қор қолдауымен Жезқазған қаласының ШЖҚ «Қарлығаш» соматикалық санаторийі» КМК базасында және Жаңаарқа кентінің «Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК базасында оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда. Ұлытау облысындағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту шеңберінде Ұлытау ауылындағы «№ 1 Ұлытау жалпы білім беретін орта мектебінің базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Екінші кезең бойынша жалпы сомасы 250 млн теңгеге 1 тірек мектеп құру жоспарлануда (Жаңаарқа кентінің "Бименде Амалбеков атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ). Ұлытау облысында спорт саласында Талап және Жезді кенттерінде 2 зал ашылды. Қор қолдауымен Атасу, Қызылжар және Жыланды ауылдарында 3 спорт залын ашу жоспарлануда.
Дөңгелек үстелде қатысушылар медициналық ұйымдарды жабдықтармен жарақтандыру, өңірде спорт кешендері мен залдарын ашу бойынша мәселелерді көтерді.
«Айта кету керек, қазір азаматтар Қордың жұмысы және қандай көмек көрсетіп жатқанымыздан хабардар. Бұл ретте мемлекеттік ұйымдар Қордың бірлескен жобаларды іске асыру үшін айқындаған тәсілдерді жетік білмеуде. Біздің міндетіміз жарақтандыру ғана емес, жағдайды өзгерту және халыққа қызмет көрсету мәселесін шешу. Сондықтан біз өңірге өзгеріс әкелетін және тұрғындар үшін айтарлықтай әсер ететін өзекті жобаларға қатысуға және іске асыруға дайынбыз», - деп атап өтті Болат Жәмішев.
Кездесу соңында Берік Әбдіғалиұлы мен Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының серіктесі – «Батыр боламын» қорының қолдауымен ашылған спорт залдарының бірінің тәрбиеленушісі Зуфар Сайфутдиновты құттықтады. Зуфар Румынияның Ясса қаласында өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Жұмыс сапары аясында Қор төрағасы Болат Жәмішев Маруа Кұлұшева атындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында болып, ұжыммен және балалармен әңгімелесті. Орталықта 52 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде, 24 маман жұмыс істейді. Директор Ғазиз Жетібаев орталықтың жұмысы мен тәрбиеленушілердің жетістіктері туралы айтып, Қордың қатысуымен шешілуі мүмкін бірқатар мәселелер мен ұсыныстарды жеткізді. «Жезқазған қ. медициналық-әлеуметтік мекемесі» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Қор басшысы материалдық-техникалық базамен, зейнеткерлер мен мүгедектердің тұру жағдайымен танысты. Қазір мұнда 220 адам тұрады, оларға тұрақты күтім мен медициналық көмек көрсетіледі. Әкімшіліктің айтуынша, орталыққа асхана мен кір жуу жабдықтарын жаңарту қажет. Сондай-ақ, жарақтандыру мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау бойынша қолдау көрсету өтінішін «Ұлытау Мейірім» қоғамдық қоры басқаратын мүгедектігі бар адамдар үшін жеке күндізгі болу орталығының өкілдері жеткізді. Орталық 18-30 жас аралығындағы мүгедектерге психологиялық көмек көрсетуді, бос уақытты ұйымдастыруға және қоғамда бейімделуге жәрдемдесуді жоспарлап отыр.м