ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесу

Құрметті үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдері!

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры апта сайын әр бейсенбіде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін ҮЕҰ өкілдерімен онлайн zoom-кездесу өткізеді.

Кездесуде бірлескен қайырымдылық жобаны немесе бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу мен іріктеу критерийлері, іске асыру тәсілдері түсіндіріледі, сондай-ақ қоғам өкілдерінің өзге де сұрақтарына жауап беріледі.

Онлайн-кездесу 8 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. cпикер – Ләззат Шыңғысбаева, Қордың Басқарма төрағасының орынбасары.

Кездесуге қатысу үшін келесі деректерді – ұйымның атауын, қатысушының аты-жөнін және лауазымын Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жіберу қажет. Содан кейін электрондық поштаңызға кездесуге қатысу үшін сілтеме жіберіледі. Сауалыңыз болса алдын-ала поштаға жібере аласыз немесе кездесу барысында сұрай аласыз.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.