Ауыр хәлдегі 7 айлық балаға Астанада қаласында бауыр трансплантациясы жүргізілді. Нәрестеге туған әкесі донор болды.
«Қазақстан халқына» қоры балаға ағза ауыстыру үшін Жапония мен Непалдан мамандарды шақыртып, қайырымдылық көмек көрсетті. Операция «University Medical Center» корпоративтік қорының базасында өткізілді.
Трансплантаттауды нәрестенің жасы (7 ай) мен кішкентай салмағы (8 кг) әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жағдайының өте ауыр болуы, тыныс алуының бұзылуы мен басқа да асқынулар қиындатты.
«Менің ұлыма бауыр циррозы диагнозы қойылған. Ана мен бала орталығының дәрігерлері трансплантацияны емдеудің ең тиімді әдісі деп айтты. Әрине, мұны естігенімізде баламыздан айырылып қаламыз ба деген қорқыныш болды. Жұбайым донор болуға мүмкіндігі бар екенін білген соң, дәрігерлерге сеніп, барлық анализдерді бірден тапсырып, дайындықты бастап кеттік. Операциядан аман-есен өтіп, бір жеңілдеп қалдық. Қорқыныш болды, бірақ сеніміміз алдамады. Сондықтан баламды аман сақтап қалған Ана мен бала орталығының барша дәрігеріне алғыс айтамыз», – деп атап өтті анасы Қарлығаш.
Нәтижесінде операция сәтті өтіп, баланың өздігінен тыныс алу мүмкін болды. Жағдай тұрақтанған соң, бала мен әкесі ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы.
Операция «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Жапонияның ұлттық денсаулық және даму орталығының (Токио қ.) органдарды трансплантациялау орталығының дәрігерлерімен бірлесіп «1 жасқа дейінгі балалардың бауыр трансплантациясы» тақырыбында тәлімгерлік шеберлік сыныбы шеңберінде жүргізілді. Шақыртылған мамандар «University Medical Center» ҚҚ қызметкерлеріне бауыр трансплантациясын жүргізуге мұқтаж науқастарды операция алдындағы даярлау, анестезиологиялық жәрдемақы, жедел техника және операциядан кейінгі басқару тақырыптары бойынша 3 күн бойы оқыту жүргізді.
Ерте жастағы науқастарға, әсіресе дене салмағы 10 кг-нан аз балаларға бауыр трансплантациясы жеткілікті дағды мен тәжірибенің болмауына байланысты Қазақстан Республикасында жүргізілмейді. Сондықтан осындай оқытулардың жүргізілуі, дағдылар мен технологияларды меңгеру дерттің асқыну санын азайтып, науқастардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартады.