Алғыс айту күнімен!

Көктемнің басталуымен еліміздегі жарқын мереке – Алғыс айту күні атап өтіледі.

Ежелгі заманнан бері біз достыққа, өзара қолдауға мығым, жақынына қамқор болған халықпыз. Жыл өте келе бұл мереке қазақстандықтар үшін аса маңызды мәнге ие болуда. Бір-бірімізге мейірбан, ынтымағы жарасқан, құрметі мен сүйіспеншілігі зор болуымызды еске салатын күн.

Қордың қызметі басталған сәттен бастап, қайырымдылық көмек алған көптеген азаматтан шынайы лебіздерін қабылдап, сол ізгі тілектерімен бүгін бөлісуді жөн көрдік.

Сондықтан біздің маңызды да күрделі ісімізде қолдау білдіріп келе жатқан ел тағдырына бей-жай қарамайтын қазақстандықтарға алғыс айтамыз. Донорларымыз, серіктестерімізге, әріптестерімізге, ҮЕҰ өкілдеріне және барша азаматқа «РАҚМЕТ»!                                                                                                          

Ізгі істеріміз көп болсын! "Қазақстан халқына" қоры әр шаңыраққа денсаулық, амандық пен бақыт тілейді!

#ҚазақстанХалқынаРақмет

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.