Павлодар облысында бүйректің ауыр сырқаты бар балаға «Элимаб» препараты сатып алынды
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және орфандық аурулары бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытындағы қайырымдылық көмекті жалғастыруда.
Осы жылдың қаңтар айында Қарағанды фармацевтикалық кешені «Қазақстан халқына» қорымен және Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасымен жасалған келісім-шарт аясында бүйрегі ауыр сырқаты бар 1 балаға «Элимаб» («Экулизумаб») дәрілік затын жеткізді. Препараттың құны 16,66 млн теңге.