Әр бейсенбіде ҮЕҰ-мен кездесу өтеді

Құрметті үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдері!

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры апта сайын әр бейсенбіде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін ҮЕҰ өкілдерімен онлайн zoom-кездесу өткізеді.

Кездесуде бірлескен қайырымдылық жобаны немесе бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу мен іріктеу критерийлері, іске асыру тәсілдері түсіндіріледі, сондай-ақ қоғам өкілдерінің өзге де сұрақтарына жауап беріледі.

Алғашқы онлайн-кездесу 2 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.  Спикер – Ләззат Шыңғысбаева, Қордың Басқарма төрағасының орынбасары.

Кездесуге қатысу үшін келесі деректерді – ұйымның атауын, қатысушының аты-жөнін және лауазымын Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жіберу қажет. Содан кейін электрондық поштаңызға кездесуге қатысу үшін сілтеме жіберіледі. Сауалыңыз болса алдын-ала поштаға жібере аласыз немесе кездесу барысында сұрай аласыз.

Кейіннен кездесудің бейне нұсқасы Қордың сайтында жарияланады.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.