Қайырымдылық көмек көрсету аясында «Қазақстан халқына» қоры ауыр және орфандық сырқаты бар емделушілерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында «СК Фармация» ЖШС еліміздің 13 өңіріне – Алматы мен Шымкент қалаларына, Абай, Жетісу, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының медициналық ұйымдарына «Лумива®», «Лумива Педиатрико®», «Трилекса®» дәрілік заттарын жеткізуді бастады. Еске салсақ, 2022 жылдың желтоқсан айының соңында «Галакси Интернешэнл» ЖШС бұл дәрілерді «СК-Фармация» ЖШС қоймасына жеткізді.
Таргетті терапия дәрілік заттары алғаш рет медициналық тәжірибеде муковисцидоз диагнозы қойылған 28 науқасты емдеу үшін қолданылады. Осыған байланысты ҚР ДСМ штаттан тыс пульмонологы Т.Маршалкина, «Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы» ҚБ төрағасы И.Мұқатова, сондай-ақ өңірлердің бейінді мамандары денсаулық сақтау басқармаларының мамандарымен, сондай-ақ емдеуші дәрігерлермен оқыту өткізуді жоспарлап отыр.