Қаңтар оқиғаларында зардап шеккендерге көрсетілген қайырымдылық көмек туралы ақпарат

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің шешімдеріне сәйкес Қор:

1) қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына 7 млн теңге мөлшерінде;

2) ауыр жараланған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне 3 млн теңге мөлшерінде;

3)кездейсоқ құрбан болған Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының отбасыларына 7 млн теңге мөлшерінде;

4) жараланған балалардың отбасыларына 3 млн теңге мөлшерінде;

5) атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған Қазақстан Республикасының ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарына (Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасынан растайтын ақпарат) 3 млн теңге мөлшерінде;

6) қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ кездейсоқ құрбан болған Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының отбасыларындағы әрбір кәмелетке толмаған балаға (2022 жылдың 9 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жастан аспаған) 2 млн теңге мөлшерінде қайырымдылық көмек көрсетеді.

Қор қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына; ауыр жараланған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне және жараланған балалардың отбасыларына (кәмелетке толмаған балалар) қайырымдылық көмек көрсетуді толық аяқтады.

2023 жылдың 5 қаңтардағы жағдай бойынша Қор қайғылы қаңтар оқиғалары барысында зардап шеккен 540 адамға жалпы сомасы 2 млрд 112 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті, атап айтқанда:

- қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің отбасыларына - 133 млн теңге (7 млн теңгеден); 

- Ауыр жарақат алған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне - 333 млн теңге (3 млн теңгеден);

- Қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларындағы 23 кәмелетке толмаған балаға - 46 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны болған ҚР 135 азаматының отбасыларына - 945 млн теңге (7 млн теңгеден);

- кездейсоқ құрбан болған Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының отбасыларындағы 101 кәмелетке толмаған балаға - 202 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 138 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға - 414 млн теңге (3 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасыларына - 39 млн теңге (3 млн теңгеден).

Қор ҚР Бас прокуратурасының растайтын ақпаратты, атап айтқанда:

1) қаңтар оқиғаларында кездейсоқ құрбан болған ҚР қаза тапқан азаматтар;

2) атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған ҚР ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтар;

3) жараланған балалар туралы тізімдерді ұсыну фактісі бойынша қайырымдылық көмек көрсетілетінін атап өткен жөн.

 Қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметшілердің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларында қалған кәмелетке толмаған балалардың тізімдерін Қорға осы ведомстволардың орталық аппараттары ұсынды.

Кездейсоқ құрбан болған Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының отбасыларындағы кәмелетке толмаған балалардың (2022 жылдың 9 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жастан аспаған) тізімдері ҚР қаза тапқан азаматтар бойынша құжаттар жинау барысында қалыптастырылды.

Бүгінгі таңда Қор қаңтар айындағы оқиғалардың кездейсоқ құрбаны болған ҚР қаза тапқан азаматтарының 12 отбасына және атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 131 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастыруда.

Қайырымдылық көмекті жедел көрсетіп, аяқтауды тежейтін факторлар:

1) қажетті құжаттардың болмауы;

Анықтама: Қор үшін қажетті құжаттар топтамасы жеке куәліктен; баланың туу туралы, неке қию (бұзу) туралы, қайтыс болу туралы куәліктерден; ақша алушыда шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасынан; сауалнамалық деректердің өзгеруі туралы анықтамадан, жазбаша эпикризден немесе оқ жарақатын алғаны туралы растайтын медициналық құжаттан тұрады. 

2) технологиялық мәселелер;

Анықтама үшін: қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандардың туыстарында банк карталары жоқ және банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланбайды немесе функционалды шектеулі мақсатты картаны тек жәрдемақы алу үшін пайдаланады. Алушылардың басым көпшілігі құжаттардың фотосуреттерін жібереді, өз кезегінде Қор базасы сканерленген құжаттардан қалыптасады;

3) төлем алушылар арасында даулардың болуы.

Анықтама: жақын туыстары бір-бірімен ақшалай көмекті бөлу мәселесінде бәтуаластыққа келе алмайды. Ажырасқан отбасылардың болуы, онда бұрынғы ерлі-зайыптылар жәбірленушінің ата-анасына ақшалай төлемдер туралы талап қояды.

Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен бірлесіп, Қорға атыс қаруынан зардап шеккен ҚР ауыр жарақат алған кәмелетке толған азаматтары бойынша қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетуде.


Құқық қорғау органдарының, арнаулы органдардың және әскери қызметшілердің қаза тапқан қызметкерлерінің тізімі отбасыларына 7 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді
Ауыр жараланған әскери қызметшілердің, ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік және Ұлттық ұлан қызметкерлерінің тізімі 3 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді
Отбасыларында кәмелетке толмаған балалары бар құқық қорғау органдарының, арнаулы органдардың және әскери қызметшілердің қаза тапқан қызметкерлер тізімі (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден қайырымдылық көмек көрсетілді)
Қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны болған ҚР қаза тапқан азаматтарының тізімі отбасыларына 7 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді
Қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан, отбасында кәмелетке толмаған балалары бар ҚР азаматтарының тізімі (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден қайырымдылық көмек көрсетілді)
Қаңтар айындағы қайғылы оқиғаларда атыс қаруынан зардап шеккен ҚР ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарының тізімі 3 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді
Жараланған балалардың ата-аналарының тізімі 3 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілген

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.