Онкологияға шалдыққан 5 пациент дәрімен қамтамасыз етілді
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры орфандық аурулары бар пациенттерге қайырымдылық көмек көрсету аясында жасасқан шартқа сәйкес «КФК» Медсервис плюс» ЖШС 23 желтоқсан күні онкологиялық ауруы бар 1 емделуші үшін Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына «Рибоциклиб» («Кискали») дәрілік затын жеткізді.
«FARM ZS» ЖШС Қормен жасасқан шартқа сәйкес 28 желтоқсанда таргеттік терапия жүргізу үшін 4 емделушіге арналған «Динутуксимаб бета» («Карзиба») дәрілік затын «University Medical Center» корпоративтік қорына жеткізді.