Желтоқсан айының басында «СвиксБиофарм» ЖШС Денсаулық сақтау басқармаларының алдын ала берген өтінімдері бойынша Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарына 31 балаға арналған «Сабрил» («МНН Вигабатрин») эпилепсияға қарсы дәрілік затты жеткізді.
Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармалары ТМККК және МӘМС шеңберінде емделушілерді осы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете алмауына байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген тізім бойынша осы дәрілік затты сатып алу үшін Қорға жолданды.
Бұл ретте 2022 жылдың 16 тамызында Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Вигабатрин» республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін дәрілік заттар тізіміне енгізілді. Алайда, осы уақытқа дейін Бірыңғай дистрибьютордың аталмыш дәрі-дәрмекті сатып алуы бойынша өткізілмеген тендерге байланысты Қорға өңірлерден «Сабрил» препаратымен қамтамасыз етуге қатысты өтінімдер келіп түсуде.