Балалар үшін: «Қазақстан халқына» қоры Атырау облысында екі спорт залды жарақтандырды

Атырау облысында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен балаларға арналған екі спорт залы жарақтандырылды. Мақат ауданының Доссор ауылындағы және Индер ауданының Бөдене ауылындағы залдарға Қор жалпы сомасы 14 млн теңгеге спорттық мүкәммал мен жабдық сатып алды. Спорт залдарында бокс пен күреске арналған күрес кілемдері мен сөмкелер, еден жабындары, жаттығу манекендері, сондай-ақ гантельдер, бокс қолғаптары мен шлемдер, жабдықтар, арқандар, спорттық жинақтар және т.б. бар. Осылайша ауыл балалары секцияларға тегін қатысуға мүмкіндік алды.

«Қазақстан халқына қорымен бірлесе «24 спорт залы» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Бағдарлама бойынша шалғай ауылдарда және спортпен шұғылдану үшін тиісті жағдай жасалмаған елдімекендерде спорт залдардың материалдық-техникалық жағдайын күшейтеміз. 11 өңірде 21 зал жарақтандырылды. Сонымен бірге өскелең ұрпаққа спорт арқылы жан-жақты дамып, тәрбие алуына ықпал еткізіміз келеді. Осы балалар арасынан халықаралық жарыстарға қатысып, еліміздің даңқың шығаратын талай чемпион шығады деп сенемін», - деп атап өтті «Батыр боламын!» қорының президенті Арман Уахап.

«Батыр боламын!» – Қордың серіктесі ретінде бағдарлама шеңберінде ұйымдастыру мәселелерін жүзеге асырады. 

Индер ауылында спортзал меценаттар мен еріктілер есебінен жөнделген «Шабыт» спорт кешенінде ашылды. Бөденеде зал жергілікті әкімдік ғимаратында жарақтандырылды.

1,5 мыңға жуық адам тұратын Бөдене ауылы үшін спорт залының ашылуы көптен күткен оқиға. Оқушы Мырзабек Қуанышбек достарымен алғашқылардың бірі болып күрес секциясына жазылды.

«Бұрын біздің ауылда мұндай зал мен күресуге арналған спорттық құрал-жабдықтар болмады. Осындай үйірмеге барғысы келетін балалар саны көп.  Сондықтан мүмкіндік үшін ағаларымызға рахмет», – деді Мырзабек Қуанышбек.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры іске асырып жатқан «24 балалар спорт залы» жобасы еліміздің шалғайдағы елді мекендерінде немесе балалар үшін спортқа қолжетімділік деңгейі төмен ауылдық жерлерде балалар спортының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жобаның негізгі мақсатты аудиториясы – 5 жастан 18 жасқа дейінгі, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар.  24 залды ашуға арналған қайырымдылық бағдарламасының бюджеті - 183 623 000 теңге. Бүгінгі таңда 21 зал ашылып, жұмыс істеуде: Ақмола облысы, Тасты а.; Алматы облысы, Ават және Қазақстан а.; Жетісу облысы, Черкасск а.; Қарағанды облысы, Изенді а.; СҚО, Покровка а.; Түркістан облысы, Қақпақ а.; Ұлытау облысы, Жезді және Талап а.; БҚО, Ақсай қаласы, Ақпәтер, Дариян, Бұлан, Қарауылтөбе а.; Маңғыстау облысы, Бейнеу, Ақжігіт, Сенек, Үштаған а.; Атырау облысы, Доссор, Бөдене а., Қостанай облысы, Новотроицкое а.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.