Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына АҚШ-тың California Ear Institute клиникасында екі құлақтың туа біткен кемістігі диагнозы қойылған балаларды шетелде емдеуге жіберу мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолдады.
Хатқа сәйкес, «Ақсай» республикалық балалар клиникасының бейінді мамандарының қорытындысы бойынша емделушілерге тек американ докторы Д.Робертсон жүргізетін «Титан протезін, Медпор жүрекше пластикасын қолдана отырып, оссикулопластиканың құлақ қалқанын қалыптастыратын бір сәттік каналопластика» операциясы көрсетілген. Олар осыған дейін дәрігердің кеңесі беріліп, оң қорытынды алған.
Денсаулық сақтау министрлігі «ӘМСҚ» КЕАҚ жанындағы Шетелде емдеуге жіберу жөніндегі комиссияның Жұмыс органы арқылы дәрігер Д. Робертсон клиникасымен қажетті құжаттар топтамасын (бағдарлама, қызметтердің құны және т. б.) дайындауға, сондай-ақ одан әрі туа біткен құлақ кемістігі бар балаларды шетелге емдеуге жіберу қажеттілігі туындаған кезде балаларды шетелдік емдеуге жіберу шарттарын қарауға ниетті, сондай-ақ Қормен одан әрі өзара іс-қимыл шараларын пысықтайтын болады.
Айта кетейік, 15 желтоқсанда Қор Денсаулық сақтау министрлігі, «ӘМСҚ» КЕАҚ жанындағы Шетелде емдеуге жіберу жөніндегі комиссияның Жұмыс органының, Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс отоларингологының, сарапшылардың, Қордың Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің және Мәжіліс депутаттарының қатысуымен zoom-кездесу, сондай-ақ пациенттердің ата-аналарының бірімен сыртқы құлақ каналының микротиясы мен атрезиясы бар науқастарға көмек көрсету мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды. «Қазақстан халқына» қоры Денсаулық сақтау министрлігімен және Жұмыс органымен шетелде емдеуді ұйымдастыру шарттарын айқындай отырып қажетті құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда осы мәселені қарастыруға және қайырымдылық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Осылайша, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры айтылған ұстанымы негізінде Денсаулық сақтау министрлігімен және «ӘМСҚ» КЕАҚ жанындағы Шетелде емдеуге жіберу жөніндегі комиссияның жұмыс органымен бірлесіп, екі құлақтың туа біткен кемістігі бар науқастарға қайырымдылық көмек көрсету бойынша алдағы өзара іс-қимылдың тетіктерін пысықтауға дайын. Жүргізілген жұмыс нәтижеcі қосымша хабарланады.