Қазақстандықтар орман өрті салдарынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсету үшін қайырымдылық қаражатын «Қазақстан халқына» қорының арнайы шотына жіберуді жалғастыруда.
Бүгінгі таңда арнайы шотқа келесідей мақсатты қаражат жіберілді:
1. «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС – 200 000 000 теңге;
2. «Yedilov Online» Telegram-арнасына жазылушы жеке тұлғалар атынан Е.О. Еділов – 25 822 791 теңге;
3. «Шәкәрім атындағы университет» КЕАҚ, Семей қ. – 2 804 978 теңге;
4. «Зекет» және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық қоры» КҚ – 23 003 415 теңге;
5. ТОО «AQMOL-project» – 200 000 тенге.
Түсімдердің жалпы сомасы 251 831 184 теңгені құрады.
Қор зардап шеккендерге мемлекеттік бюджет есебінен жаңа үйлер салынғаннан кейін материалдық қолдау көрсетеді. «Қазақстан халқына» зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қажетті жиһазбен және техникамен жабдықтауға қатысады. Бұған халық жинаған мақсатты қаражат, сондай-ақ Қор қаражаты жұмсалады. Бұл шешімді «Қазақстан халқына» қорының басшылығы Қостанай облысының әкімдігімен бірлесе отырып қабылдады.
РЕКВИЗИТТЕР
«Қазақстан халқына» ҚҚ шоты
Алушы банк: АО «Kaspi Bank»
БИК: CASPKZKA
БИН/ИИН: 220140006999
KZT шот нөмірі: KZ37722S000018376990
Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Достық, 13/3 ғимараты
КБе: 18