Құрметті пайдаланушылар, «Қазақстан халқына» ҚҚ Қордың атын жамылып, оның өкілдері ретінде ұсынған алаяқтық жағдайлар жиілеп кеткені туралы ескертеді.
Алаяқтар Қордың ресми сайтының көшірмесін әзірлеп, http://halqynaqazaqstan.com/ru/apply.html мекенжайы бойынша жалған сайт ашқан. Жоғарыдағы сайттың «Қазақстан халқына» ҚҚ қызметіне қатысы жоқ. Ресми сайтқа ұқсастығы бар болғанымен, домендік атауында әріптердің реті өзгертілген, сондай-ақ .com домені көбінше Қазақстаннан тыс жерлерде жиі қолданылады.
Қордың ресми сайты — qazaqstanhalqyna.kz.
Алаяқтар қазақстандықтарға 90 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алуға өтінім қалдырып, кепілдендірілген әлеуметтік төлем алуға кезекке тұруды ұсынады. Жалған сайттағы ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік медициналық мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ барлық деңгейдегі мемлекеттік оқу және ғылыми мекемелердің оқытушылары мен басқа да қызметкерлер көмек ала алады.
Бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі болған соң, оның мақсаты жеке деректерді ұрлау үшін пайдаланушылардың құпия деректеріне қол жеткізу. Сондықтан жалған ресурсқа тіркелмеңіз және жеке деректеріңізді енгізбеңіз! «Қазақстан халқына» ҚҚ бұл әрекеттердің салдары үшін жауап бере алмайды.
«Қазақстан халқына» қоры бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерді тағайындамайды. Жеке ақпаратты алаяқтарға бермеуіңізді сұраймыз.
Барлық өтінімдер тек qazaqstanhalqyna.kz сайты және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімі арқылы қабылданады және сол жерде пайдаланушы өзінің өтінімінің мәртебесін білуге мүмкіндігі бар.
Азаматтардан қауесеттерге сенбеуді және алаяқтық ұйымдар тарапынан арандатушылыққа бой алдырмауды сұраймыз. Біз фишингтік сайттың жақын арада бұғатталуы үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Тиісті хат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданды.