Қорға «Нейробластома» диагнозы бар 13 балаға мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайтын Карзиба (Динутуксимаб бета) атты қымбат тіркелмеген дәрілік құралымен келесі медициналық ұйымдардан: «ПжБХҒО» АҚ 9 баланы (шығ. №03-18 26.05.2022 ж.) және «University Medical Center» КҚ 4 баланы (шығ. №06-07-01/1268 14.07.2022 ж.) қамтамасыз ету туралы хат келіп түсті.
Қордың Сараптама комитеті мен Басқарманың шешімімен дәрілік затты сатып алу бойынша қайырымдылық көмек көрсетілетін емделушілердің тізімі бекітілді.
Мәлімделген көлемдерге сәйкес швейцариялық «FarmaMondo S. A.» компаниясының «FARM ZS» ЖШС келісімшарттық дистрибьюторымен Карзиба (Динутуксимаб бета) дәрілік затын жеткізуге шарт жасалды: «ПжБХҒО» АҚ 12.07.2022 ж. № 09-02-16 (жеткізу мерзімі: 120 флаконды - 15.07.2022-15.08.2022, 100 флаконды – 16.08.2022-16.09.2022 ж.) және «UMC» КҚ 01.09.2022 ж. № 09-02-32 (жеткізу мерзімі: 01.11.2022 -15.12.2022 ж.).
Алайда, бүгінгі күні дәрілік затты жеткізу мерзімі өтіп, жеткізу жүзеге асырылмады.
Осылайша, Қордың, «ПжБХҒО» АҚ атына «Farm ZS» ЖШС-нан келісімді орындау аясында олар қажеттілікті растау және біржолғы әкелуге рұқсатты одан әрі алу үшін өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларынан алынатын «ПжБХҒО» АҚ-дан растау-хат алған жоқтығы туралы хат (шығ. 12.08.2022 ж. және 01.09.2022 ж. 165-08/22) келіп түсті.
Қор «ПжБХҒО» АҚ атына жасалған шарт аясында тараптардың міндеттемелерді орындауы үшін қажетті және шарттың мәніне қатысты қажетті ақпарат пен құжаттарды дайындау бойынша хат жолдады (шығ. 16.08.2022 ж. №724).
«ПжБХҒО» АҚ заңгерімен, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының мамандарымен жүргізілген жұмыс барысында уағдаластыққа қол жеткізілді және осы препаратқа қажеттілікті растайтын хаттар алынды. Бұған айтарлықтай уақыт жұмсалып, жеткізу мерзімінің өтуіне әкеп соқтырды.
07.09.2022 ж. «FARM ZS» ЖШС бір реттік әкелуге рұқсат алу үшін өтінім берді. Алайда, бүгінде әртүрлі себептермен рұқсатты алу кешіктіріліп жатыр.
Сонымен қатар, «FarmaMondo S. A.» компаниясы өкілінің айтуынша, жақын арада ҚР-ға дәрілік затты жеткізу дайындалуда.
Қор өз кезегінде емделушілерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсауда.