«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 16 қыркүйекте елордада Ұлттық қайырымдылық бойынша І конференцияның қорытынды отырысын өткізеді.
Жиын – ұлттық қайырымдылықты дамыту мәселелері бойынша мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы диалог алаңы. «Қазақстан халқына» қорының нысаналы бағыттарын, отандық қайырымдылық саласының инновациялық әдістерін, мәселелері мен прогрессивті шешімдерін талқылау жоспарлануда.
Конференция zoom платформасында онлайн форматта өтіп, коммерциялық емес ұйымдардың, қор донорларының, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Парламент және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Қорытынды конференция қордың жұмысы және Қазақстанда қайырымдылықты дамыту туралы ұсыныстарды қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі болмақ. Ұлттық қайырымдылықтың І конференциясы 1 шілдеде өңірлерде бастау алды. Конференция аясында 1200-ге жуық ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен 43 zoom-конференция форматында онлайн-жиын, 20 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ елордада жергілікті атқарушы органдар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. 500-ден астам ұсыныс айтылды.
Қорытынды отырыста «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жаңартылған тұжырымдамасы, қайырымдылық бағдарламаларының проспектілері, жобалары мен қызмет бағыттары, сондай-ақ әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері бойынша ҚР Үкіметіне үндеу және конференцияның декларациясы қабылданады.
Конференцияның тікелей көрсетілімі «Қазақстан халқына» қорының qazaqstanhalqyna.kz сайтында.