«Қазақстан халқына» қоры Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы шот ашты

«Қазақстан халқына» қоры Қостанай облысындағы ірі орман өрті салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы шот ашты.  Қазіргі жағдайға бей-жай қарамайтын қазақстандықтар мен ұйымдар алапат өрттен зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету ниетімен қорға жүгінуде. Осыған байланысты арнайы шот ашу туралы шешім қабылданды.

РЕКВИЗИТТЕР

«Қазақстан халқына» ҚҚ шоты

Алушы банк: АО «Kaspi Bank»

БИК: CASPKZKA

БИН/ИИН: 220140006999

KZT шот нөмірі: KZ37722S000018376990

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Достық, 13/3 ғимараты

КБе: 18

Қазіргі уақытта шотта YEDILOV ONLINE телеграмм-арнасының жазылушылары Еділов Ербол Ондағанұлының атынан 25 822 791 теңге мөлшерінде қаражат бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шығын көлемі анықталғаннан кейін «Қазақстан халқына» қоры жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, ұзақ мерзімді кезеңде өңір тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсету тетігін пысықтайтын болады. Сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ашылған арнайы шоттағы қаражат төтенше жағдайдың салдарын жоюға және тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталатын болады.

Қазіргі уақытта қор басшылығы облыс әкімдігімен байланыста.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.