Құрысуға қарсы дәрілік заттарды сатып алу бойынша ақпарат
2022 жылғы 21 маусымда «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) эпилепсия (қояншық (ұстамалы ауру) диагнозы қойылған 44 балаға тырысуға қарсы ДҚ сатып алу туралы шешім қабылдады (Қор Басқармасының 21.06.2022 жылғы № 26 хаттамасы), атап айтсақ, 3 өңірде (Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында) тұратын 31 балаға - Вигабатрин (Сабрил), 3 балаға - Этосуксимид, 7 балаға - Сультиам (Осполот), 1 балаға - Тетракозактид (Синактен депо), 1 балаға - Клобозам (Фризиум), 1 балаға - Стирепентол (Диакомит) дәрі құралдары сатып алынуы тиіс.
2022 жылғы 21 маусымда Қор «Sanofi» өндірушісінің ресми өкілі «SWIXX BIOPHARMA» ЖШС-ң электрондық поштасына Вигабатрин (Сабрил) және Фризиум ДҚ сатып алу ниеті туралы (н/з) хат жолдады.
2022 жылғы 22 шілдеде Асқар Талип (Свиксс Биофарманың бас менеджері), Дана Ақшалова (Свиксс Биофарма) және Қордың жетекшісі жұмыс бабындағы кездесу өткізді, кездесу барысында өндірістің өкілдері Сабрил ДҚ-ң сұратылған көлемі Қазақстанда да, сондай-ақ бүкіл әлемде де жоқ екенін растады. Сонымен қатар, ДҚ жеткізуді қамтамасыз ету үшін өндірушіге 4-5 ай бұрын ДҚ-на міндетті түрде алдын ала тапсырыс жасау қажет, яғни осы ДҚ өндіруге қатысты тапсырысты биыл жариялағанымен, оларды жеткізу мүмкіндігі 2023 жылы ғана пайда болады, себебі олардың шығарылымы өтінімді алдын ала жариялаған елдердің қажеттіліктеріне тікелей тәуелденеді. Қазақстан ДҚ өндіру туралы өтінімді алдын ала жарияламағандықтан, алдын ала тапсырыс жасаған қандай да бір ел ДҚ сатып алудан бас тартқан жағдайда ғана ДҚ біздің елімізге жеткізілуі ықтимал. Алайда қазіргі таңда аталған ДҚ-дан бас тарту туралы өтінім жоқ.
Фризиум ДҚ (клобазам) бойынша жағдай Свиксс Биофарма өндірушісінің өкілімен талқылануда. Қор ДҚ-ң азғантай көлемін сатып алуға ниет білдірді және препарат есірткілік және психотроптық ДҚ тобына жататындықтан, аталған ДҚ елге кіргізуге қатысты қиындықтар бар.
2022 жылғы 24 маусымда Этосуксимид ДҚ (Заронтин, шәрбатта) «ҚР-ғы Пфайзер Экспорт БВ» өндірушісінің компаниясының филиалына Ауелбек Ризабековке, ОА және Кавказ департаментінің жетекшісіне (24.06.2022 жылғы шығ. № 528) хат жолданды. 2022 жылғы 4 шілдеде Қордың электрондық поштасына ДҚ жоқ және оны жеткізу мүмкін еместігі туралы (н/з) хат келді, осы хатта өндіруші ДҚ капсулаларда (АҚШ-та) қолжетімді екенін, бірақ осындай түрде шығарылған ДҚ-на Денсаулық сақтау басқармасы өтінім жолдамағанын хабарлады.
2022 жылғы 29 маусымда Қор Тетракозактид ДҚ (Синактен депо) бойынша «ҚР-ғы Новартис Фарма Сервисэз АГ» компаниясына (29.06.2022 жылғы шығ. № 556) хат жолдады, ресми жауап келген жоқ, бірақ компания аталмыш ДҚ 2008 жылы басқа фармкомпанияға сатқанын және бұл ДҚ Новартис компаниясының ДҚ-рының тізіміне енбейтінін хабарлады. Басқа жеткізушілерді іздеу жүзеге асырылды, РФ-да РУ иеленушісі болып «Маллинкродт Спешалти Фарма Айланд Лимитед» компаниясының құрамына кіретін «Квестор Оперейшенс Лимитед» компаниясы екені, ал ДҚ жеткізумен «ОРФЕ» АҚ дистрибьютор компаниясы айналысатыны анықталды. Телефон арқылы сөйлесу барысында дистрибьютордың өкілі бұл ДҚ 2019 жылдан бері жеткізілмейтінін хабарлады.
Сультиам (Осполот) бойынша ҚР нарығында өндірушінің өкілдері мен ресми дистрибьюторларды анықтау мүмкін болмады. Осы ДҚ өткізу мәселелері бойынша нарықта жұмыс жасайтын фирмаларда ешқандай ақпарат жоқ.
19 шілдеде Қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне Эпилепсия (қояншық (ұстамалы ауру) диагнозы қойылған емделушілерді тырысуға қарсы тіркелмеген ДҚ-рымен қамтамасыз ету бойынша көмек көрсету туралы ресми хат (19.07.2022 жылғы шығ. № 641, 09.08.2022 жылғы № 694 қосымша еске салу) жолдады. Осы хаттардың аясында барлық тараптармен жұмыс бабындағы келіссөздер жүргізілді. Хаттарды тиісті бөлімшелер қарастыруда. Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Б. Жусиповпен 10 тамызда болған жұмыс бабындағы кездесу барысында жолданған хаттарға қатысты мәселе көтерілді.
Тырысуға қарсы ДҚ өндіруші «MTI medical Pvt Ltd» компаниясының (Пәкістан) өкілі «Галакси Интернэшнл» ЖШС Қазақстан Республикасына ДҚ жеткізуге дайын екендігі туралы ұсыныспен осы жылдың 28 шілдесінде Қорға хабарласты. Осы дәрі құралдарын Қордың өтінімі бойынша өндіру мүмкіндігі туралы жауап 8 тамызда келіп түсті (08.08.2022 жылғы шығ. № 00310). Қазіргі таңда өңірлерге хаттар (15.08.2022 жылғы шығ. № 720) жолданды, оларға сәйкес аталған ДҚ (аналог) қажетсінетін емделушілер анықталды, себебі емделушілердің осы ДҚ-дан бас тарту тәуекелі жоғары.
Қор емделушілерді тырысуға қарсы тіркелмеген дәрі құралдарымен қамтамасыз ету үшін бар күшін салып, барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады.