«Қазақстан халқына» қоры «Documentolog Global Limited» компаниясымен «Documentolog» электронды құжат айналымы мен бизнес-процестерді автоматтандырудың ақпараттық жүйесін тегін енгізу туралы меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында Қор басшысы Болат Жәмішев мемлекеттік органдармен және басқа да сыртқы контрагенттермен жұмыс жасау жүйесінің маңыздылығын атап өтті.
Бұл ынтымақтастық құжаттармен жұмысты автоматтандыруға және жеделдетуге, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, қағазды пайдалануды азайтуға және бөлімдер мен қызметкерлердің, сондай-ақ Қордың алқалы органдарының жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.
Documentolog Global Limited бас директоры Байжан Қанафин де меморандум жоғары жауапкершілікті көздейтінін, өйткені Қор қызметі барынша ашықтық пен қауіпсіздікті талап ететінін айтты.
Сондай-ақ, меморандумды бекіту қарсаңында арнайы семинар – Қор қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.
Айта кету керек, Documentolog платформасы ынтымақтастық үшін бизнес-шешімдерді жасауға арналған және ұйымның қызметін бағдарламалаусыз автоматтандыруға мүмкіндік беретін алғашқы қазақстандық платформа.