«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге ақшалай төлем жасады
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауыр жарақаттанған 5 қызметкеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне әрқайсысына 3 миллион теңгеден төлем жүргізді.
Төлемдер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан алынған ресми тізімдер негізінде жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қор 19 қаза болғандардың отбасы мүшелеріне 7 млн теңгеден және жоғарыда аталған органдардың ауыр жарақат алған 106 қызметкеріне 3 млн теңгеден аұшалай аударымдар жүргізген болатын.