2022 жылдың 1 маусымдында «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры құрылтайшылардың жалпы жиналысы шешімімен Қордың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізіп, Қамқоршылық кеңес құрамына эксперт сайланды.
Қордың жарғысында басқару органдарының құрылымы өзгертілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Қайырымдылық туралы» Заңының 16-бабына сәйкес Қорды басқарудың жоғары органы Қамқоршылық кеңес болып табылады. Тексеру комиссиясының орнына Қордың ішкі аудиторы лауазымы енгізіліп, сыртқы тәуелсіз аудит жүргізу қарастырылды.
Жаңа мәртебеге байланысты Қамқоршылық кеңестің құзыреті кеңейтілді, оның қызметінің тәртібі нақтыланды. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары лауазымын енгізумен мүшелердің ең көп саны он бес мүшеге дейін ұлғайтылды. Кеғес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге белгіленді, оның құрамын кезеңді түрде жаңартып отыру тетігі ретінде Қамқоршылық кеңес мүшелерін ротациялау мүмкіндігі енгізілді.
Қор кеңесінің жарты жылда атқарылған жұмыстары және Қор қаражатының мақсатты пайдаланылуы туралы Қамқоршылық кеңеске жылына екі рет есеп беруі туралы ереже енгізілді.
Қамқоршылық кеңестің қатарын толықтырған қайраткерлер:
1) Аманжолова Зәуреш Джуманалиевна – медицина ғылымдарының докторы, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы. VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2) Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы – қазақ мемлекет қайраткері, Қарағанды облысының экс-әкімі, Қазақстан кәсіподақтар федерациясын басқарды.
3) Сауэр Иван Адамович –Қазақстанның енбек ері, «Родина» ауыл шаруашылығы серіктестігінің бас атқарушы директоры, көрнекті қоғам қайраткері. Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының құрметті академигі, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің құрметті профессоры.