«Қазақстан халқына» қорына қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтардың нақтыланған тізімі келіп түсті.
Қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне Қор ақшалай төлемдер жіберді, олардың жазатайым құрбан екенін мәртебесін құзырлы орган растады.
Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай төлемдер жіберілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді.
Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн теңгені құрады.
Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.
Естеріңізге сала кетейік, Қамқоршылық кеңестің шешімімен қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған барлық қаза тапқан азаматтардың отбасыларына құзырлы органдардан тізімдері нақтыланғаннан кейін төленетін болады.