31 наурызда Қостанай облысы Амангелді ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш бала көз жұмды. Жантүршігерлік өрт салдарынан алты адамнан тұратын көпбалалы отбасы тұрған үй қатты зардап шекті.
Ал, қайғы жұтқан ата - ана тірі қалған жалғыз баласымен бірге туыстарының үйін паналап жүруге мәжбүр болды.
Жас отбасы “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша ауылда еңбектеніп жүрген.
Жергілікті әкімдік өкілдері «Қазақстан халқына» қорына зардап шеккен отбасы үшін жаңа баспана алуға көмектесу туралы өтінішпен жүгінген. Өтінішті операторлар жедел қарастырғаннан кейін Қордың Қамқоршылық кеңесі мен Басқарма бұл жағдайға қатысты көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Қордан баспана алу үшін 10 миллион теңге бөлінді.
«Қазір отбасы жаңа үйге көшті, бірақ олардың қатты қайғылы», - дейді Қостанай облысы Амангелді ауылының әкімі Гауһар Жанділдина.
Айта кету керек, тұрғын үй сатып алу бойынша қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім аяқ асты орын алған қайғылы оқиғаға байланысты бір реттік ерекше жағдай ретінде тіркеліп отыр.