16 қаңтарда Жетісу облысының Сарқан қаласында оңалту орталығының салтанатты ашылуы болды. Іс-шараға «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы қатысты.
Сарқан аудандық орталық ауруханасының базасында «QH Аудандық оңалту орталықтары» жобасы аясында мүгедектігі бар балаларға арналған «Qazaqstan halqyna» төртінші аудандық оңалту орталығы өз жұмысын бастады.
Орталық жыл сайын Сарқан, Алакөл және Ақсу аудандарында тұратын нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар 600-ге дейін баланы қабылдай алады.
Орталықтың ашылуы «Қазақстан халқына» қорының, Жетісу облысының әкімдігі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.
Әкімдік балаларды оңалту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін орталық ғимаратын ұсынды және бірыңғай дизайн-тұжырымдаманы ескере отырып күрделі оған жөндеу жүргізді.
«Қазақстан халқына» қоры орталықты заманауи оңалту жабдықтарымен жарақтандыруды толық қаржыландырды. Жабдықтаудың негізгі элементтерінің арасында — Ottobock вертикализаторлары, Rifton велоқұрылғылары мен жүйелері, Tyrostation көп функциялы жаттығу құрылғылары, «Атлант» пневокостюмдері, «Бақашабақ» және «Шегіртке» инновациялық төсеу жүйелері, сондай-ақ гидротерапияға арналған иммерсиялық ваннасы бар. Орталық сенсорлық бөлмемен, тұз шахтасымен және шунгит бөлмесімен қосымша жабдықталған.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында оңалту ерекше қажеттіліктері бар барлық балалар үшін сапалы және қадамдық қолжетімділікте болуы тиіс екенін атап өтті. Сондықтан біз аудандарда сапалы қызметтер көрсететін оңалту орталықтарын ашамыз. Бүгін төртінші аудандық орталықтың ашылуы — инклюзивті қоғамның дамуына қосқан үлесіміз», - деп атап өтті «Қазақстан халқына» қоры Төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.
Орталыққа кадрлар даярлауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды. Барлық мамандар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапалы оңалту қызметтерін ұсыну үшін біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Орталықта невролог-дәрігерлерден, реабилитологтардан, логопедтерден, ЕДШ нұсқаушылары, дефектологтар, психологтар мен еңбек терапевтерінен тұратын көп салалы команда жұмыс істейді.
«Мұндай орталықтардың ашылуы отбасыларға ресурстар мен уақытты үнемдей отырып, үйге жақын жерде білікті көмек алуға көмектеседі. Бұл ауылдық жерлерде мүгедектігі бар балалар үшін қолжетімді және сапалы медициналық инфрақұрылымды құру жолындағы тағы бір қадам», — деп атап өтті «Қамқорлық Қоры» КҚ директоры Арайлым Еркінова.
«QH Оңалту орталықтары» және «QH Аудандық оңалту орталықтары» қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру жыл соңына дейін барлық өңірлерде ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамытуға және қадамдық қолжетімділікте оңалтуды қамтамасыз етуге бағытталған ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 оңалту орталығының ашылуын қамтамасыз етеді.