«Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысында 800 баланы шаңғы жабдықтарымен қамтамасыз етті

Ақмола облысында балаларды қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін шаңғы жабдықтарымен қамтамасыз етуге бағытталған «Ауылға шаңғы» ауқымды қайырымдылық жобасының екінші кезеңі басталды. Жоба өңірдің 2 қаласы мен 10 ауданында 801 баланы, оның ішінде 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін (БЖСМ) қамтиды.

Қайырымдылық жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын қолдайды, онда бұқаралық спорт пен балалардың дене тәрбиесінің басымдығы көрсетілген. Жобаны іске асыру балаларды шаңғы жарыстарымен қамтуды кеңейтіп қана қоймай, балалар мен жасөспірімдер арасында шаңғы спортын танымал етудегі, олардың денсаулығын нығайтудағы және дене белсенділігіне тартудағы маңызды қадам болады.

Жаңа жыл қарсаңында Көкшетау қаласында «Болашақ» сарайында «Ақмола облысының спорт тарландары» атты облыстық спорт форумы аясында шаңғы жабдықтары мен тау шаңғысы жабдықтарын беруге арналған сертификаттарды табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Іс шарада Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Чинкисбаева құттықтау сөз сөйледі. Іс шараға спорт мектептерінің оқушылары, сондай-ақ олардың ата-аналары мен облыстың спорт жұртшылығы қатысты.

 

Өз сөзінде «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Чинкисбаева Қор тарапынан әлеуметтік саланы қолдаудың маңыздылығын атап өтті: «Біз шаңғы тебу балалардың денсаулығын нығайтып, дене шынықтырумен айналысып қана қоймай, олардың спорттық өзін-өзі тануына және Болашақ спорт резервін дайындауға жағдай жасайтынына сенімдіміз. Біздің Қор спортты дамытуға өз үлесін қосуда, әсіресе Ақмола облысында спорттық инфрақұрылымы жоқ ауылдарда 5 балалар спорт залы жабдықталған, аталған залдарда балалар спортпен тегін айналысады. Сапалы спорт жабдықтарымен жарақтандыруға 43,8 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, Степногорск қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоса алғанда, жасына қарамастан барлық тұрғындар үшін ангар үлгісіндегі спорт кешенін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаның бюджеті 173,3 млн. теңгені құрайды. Біздің үлесіміз балаларды спортпен шұғылдануға шабыттандырады және облыста бұқаралық спорттың дамуына елеулі үлес қосады деп үміттенеміз», — деп атап өтті Лаззат Чинкисбаева.

Ақмола облысы ұзақ қысы бар солтүстік өңір ретінде шаңғы жарысын дамыту үшін негіз болып табылады. Бұл спорт түрі Қазақстан құрамасының спорттық резервін дайындауда шешуші рөл атқарады.

Ақмола облысының аудандарында шаңғы спортын дамыту бойынша «Шаңғымен ауылға» қайырымдылық жобасының бірінші кезеңі аясында «Қазақстан халқына» қоры 721 шаңғы құрал-жабдықтарын сатып алды.

Жобаның екінші кезеңін іске асыруға бастапқы дайындық топтары үшін шаңғы жабдықтарын, сондай-ақ шаңғы роликтері мен шаңғы таяқшалары үшін ұштарын сатып алуға 84,2 млн теңге бөлінді. Бұл материалдар аймақтың 12 БЖСМ арасында таратылатын болады. Көкшетау қаласындағы «№2 олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ-ге ерекше назар аударылды, онда ұзындығы 3,5 км шаңғы-ролл трассасы бар. Жаңа жабдық жыл бойы сабақ өткізуге мүмкіндік береді.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.