Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады

Кездесу барысында Болат Жәмішев Президентке «Қазақстан халқына» қоры жұмысының негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге қойылған міндеттері туралы айтып берді.

Үш жыл ішінде «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 230 млрд.теңгеге 103 қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру туралы шешім қабылдады, оның 58-і аяқталған. Қордың жобалары денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет, спорт және төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету саласындағы бағдарламаларды қоса алғанда, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Қордың қызметі ұлттық қайырымдылық жүйесін нығайтуда маңызды рөл атқарады, іске асырылып жатқан жобалар оларды одан әрі дамытуға ынталандыра отырып, қоғамдық өмірдің негізгі аспектілеріне елеулі әсер етеді.

Қор қоғамдық қаржыны басқарудың негізгі қағидаттары: ашықтықты, есеп берушілікті, легитимділікті және тұрақтылықты ұстанады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үлкен төрттіктен» (Ernst&Young) аудиторды тарта отырып, сыртқы аудит жүргізілді.

Денсаулық сақтау саласындағы 29 бағдарламалар мен жобалар. Денсаулық сақтау саласында көмек көрсетудің үш негізгі бағыты - инновациялық нысаналы дәрілік заттарды сатып алуды қаржыландыру, үздік әлемдік өндірушілерден заманауи жабдықтармен жабдықтау және елімізге жаңа технологияларды трансферттеу мақсатында дәрігерлер мен мамандарды оқыту әзірленген.

Жұмыстың маңызды бағыты ауыр және орфандық аурулары бар пациенттер үшін дәрілік препараттарды сатып алу болып табылады. 461 қазақстандық, оның ішінде 342 балалар үшін 57,7 млрд теңге сомасына дәрілік заттардың 38 атауын сатып алу қамтамасыз етілді, оның 342 - сі балалар.

2023 жылдың қараша айынан бастап Қор онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар 1230 азаматты 14,5 млрд.теңгеден астам сомаға инновациялық нысаналы препараттармен қамтамасыз етті.

Онкологиялық қызметті дамыту үшін 2023-2024 жылдары 5 өңірге арналған желілік электронды үдеткіштер, компьютерлік томографтар және навигациялық жүйелер сатып алынды. Балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту шеңберінде 19 өңірде 22 медициналық ұйымдар жабдықпен жабдықталған.

Алматы, Қызылорда және Ақтөбе облыстары шалғай ауылдарда онкологиялық скрининг жүргізу үшін жылжымалы медициналық кешендермен жабдықталған.

Ауруларды ерте анықтау және балалардың мүгедектігінің алдын алу үшін ерте араласудың 10 орталығы ашылды, үш орталық ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Донорлық мөлдір қабықты ауыстырып орналастыруды қажет ететін  209 пациентке қайырымдылық көмек көрсетілді. Операциялар «С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ Университет клиникасында жүргізіледі.

Сондай-ақ дәрігерлер мен мамандарды оқыту шеңберінде жаңа технологияларды Қазақстанға трансферттеу мақсатында трансплантациялық үйлестірушілерді, медициналық генетиктерді және ультрадыбыстық диагностика мамандарын оқыту қаржыландырылды.

Әлеуметтік қолдау саласында оңалту орталықтарын жабдықтауға аутизмі және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған орталықтарды жабдықтауға; балалар мен жастарды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен және экзоқаңқалармен қамтамасыз етуге; мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 30 бағдарламалар мен жобалар;.

Аутизмі және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған барлығы 7 орталық, 3 облыстық оңалту орталығы және 3 аудандық оңалту орталығы ашылды. Тағы 20 орталықты ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

150 адам инновациялық протездермен қамтамасыз етілген. Еліміздің 8 өңірінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Тұсау кесер» дене шынықтыру-сауықтыру үйірмелері жұмыс істейді.

Білім беру саласындағы 19 бағдарламалар мен жобалар. Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасы аумақтық және әлеуметтік-экономикалық белгілер бойынша білім беру сапасының алшақтығын қысқартуға, материалдық-техникалық базаны жақсартуға, ауылдық жерлерде оқушылар үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жобамен 135 ауылдық мектеп қамтылды.

«Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу жобасы шеңберінде Алматы облысының мектептерінде облыстың 50 мектебінде 150 физика, химия және биология кабинеттері жабдықталды. Қарағанды облысында 86 мектепте «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу жобасы бойынша 253 физика, химия және биология кабинеттері жабдықталған.  Жобаның мақсаты - педагогтердің біліктілігін арттыру, менторлық сүйемелдеу және білім беру инфрақұрылымын құру арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

99 арнаулы білім беру мектеп ұйымдары үшін білім алуға тең қолжетімділікті және олардың ерекшеліктеріне, психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, барлық балалардың дамуында жетістікке жету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін материалдық–техникалық базаны нығайту бойынша жүйелі көмек көрсетілді.

Ақтөбе облысының шағын жинақталған ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту жобасы шеңберінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының 134 шағын жинақталған мектебінде материалдық-техникалық база жаңартылды және оқытудың 4 моделі енгізілді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 3 желтоқсандағы Үкімет отырысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақталған ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасын масштабтауды тапсырды.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарын 2022-2024 оқу жылында 3003 студент пен талапкер алды. Бұдан басқа, Қор моно- және шағын қалаларда, ауылдарда робототехника кабинеттерін жабдықтау бойынша қайырымдылық бағдарламаларын іске асырады, 360 мектеп қамтылды.

Спорт және мәдениет саласындағы 12 бағдарламалар мен жобалар. Батыс Қазақстан облысында «Jaña klub» комьюнити-орталықтарында 25 кітапхана жаңғырту жүргізіледі. Халықты жобамен жалпы қамту 130 000-нан астам адамды құрайды. Алғашқы екі комьюнити-орталық 16 желтоқсанда ашылды.

Шалғай елді мекендерде спортпен айналысуға арналған залдардың жетіспеушілігі мен қолжетімсіздігін ескере отырып, Қордың қолдауымен ауыл жастары үшін 89 спорт залы ашылды, жыл соңына дейін тағы 11 зал ашылады.

Ауылдық жерлерде, моно- және шағын қалаларда 40 ангар типті спорт залдарын салу жоспарлануда. 4 нысан пайдалануға берілді.

Төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету бойынша 13 жоба іске асырылды. Қор су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасылар үшін 5 өңірде 627 үй құрылысын қаржыландырды.

Болат Жәмішев өз баяндамасында Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Президент «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық жобаларының бөлігі болып табылатын өңірдің әлеуметтік нысандарына барғанын атап өтті. № 1 Хромтау орта мектебі ауылдық тірек мектептерін дамыту бағдарламасы шеңберінде жаңғыртылды, сондай-ақ Ақтөбедегі облыстық перинаталдық орталық офтальмологиялық скрининг және шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықпен жабдықталды.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 2 қазанда «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Ұлттық қайырымдылық конференциясы өткізілді, онда талқыланатын негізгі тақырыптардың бірі олар қатысатын өңірлердегі бизнестің қайырымдылық қызметі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қор шағын және моноқалалардың әлеуметтік саласын дамыту бойынша «Шағын қалалар – үлкен мүмкіндіктер» тұжырымдамасын әзірлегені туралы баяндалды. Бұл модульдік форматы бар Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобалары кезінде жалпы қала құраушы кәсіпорындар мен жергілікті бизнестің қолдауымен әрбір нақты шағын қалада бейімдеуге және іске асыруға болатын тәсілді білдіреді.

Кездесу барысында 2025 жылға арналған қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қордың күш-жігерін жоғары бағалады және осы бағыттағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол қайырымдылық азаматтық қоғамды дамытуда және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.