Қапалдағы модульдік спортзал: "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының ауылдың дамуына қосқан үлесі

 "Қазақстан халқына" қоры Қазақстан өңірлерінде спорт объектілерін құру жөніндегі жобаларды қоса алғанда, ауылдар мен моноқалалардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмысын жалғастыруда.

13 желтоқсанда Жетісу облысының Қапал ауылында "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев пен жергілікті халық өкілдерінің қатысуымен ангар үлгісіндегі жылдам салынатын модульдік спорт залы салтанатты түрде ашылды.

Жобаның негізгі мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоса алғанда, балалар мен жастарды жеке және командалық спорт түрлерімен белсенді айналысуға тарту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау. Қазан айында Көктал ауылында осындай зал ашылды.  Спорт залдарын ашу Ақсу ауданында дене белсенділігін нығайтуға және спортты дамытуға ықпалын тигізеді.

Жаңа зал душ кабиналары мен шкафтары бар киім ауыстыратын бөлмелермен жабдықталған, бұл спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасайды. Жобаның құны техникалық қадағалауды қосқанда, 164 миллион теңгені құрады. Жабық, жылытылатын бөлмеде жылдың кез келген уақытында жаттығуға болады. Залдың ауданы - 1 320 ш.м. құрайды.

Жобаны іске асыру жергілікті атқарушы органдармен және жеке әріптестермен ынтымақтастықта өтті. Сыртқы инженерлік желілерді жүргізуді қоса алғанда, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету ЖАО қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Осы қайырымдылық бағдарламасы аясында "Қазақстан халқына" қоры 7 өңірде ангар үлгісіндегі 13 спорт залын орнатуды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Қостанай және Абай облыстарында спорт объектілері ашылды.

Бұдан басқа, спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2024 жылдың соңына дейін ауылдарда "Батыр Боламын" ҚҚ-мен серіктестікте және жергілікті кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлерінің белсенді қолдауымен іске асырылатын "100 балалар спорт залы" жобасын аяқтау жоспарлануда.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.