Қарағанды облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Qazaqstan halqyna» оңалту орталығы ашылды

«QH Оңалту орталықтары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру аясында 2024 жылғы 26 қарашада Қарағандыда нейро-ортопедиялық бұзылулары бар балаларға арналған мемлекеттік оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кешенді сапалы оңалтуға қолжетімділік бере отырып, қолдау көрсетеді.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Таурбеков, «Қазақстан халқына» ҚҚ Донорларымен стратегиялық жоспарлау және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Чингиз Шарапиев, «ERG Көмек» ҚҚ атқарушы директоры Мади Исмаилов және «Қамқоршылық Қоры» ҚҚ директоры Арайлым Еркинова қатысты.

Орталық жергілікті атқарушы органдар, «Қазақстан халқына» қорының серіктестері және меценаттар компаниялары атынан мемлекеттің бірлескен күш-жігерінің арқасында ашылды. Жобаны іске асыруға қаржылық көмек көрсеткен «Eurasian Resources Group» (ERG) компаниясы, сондай-ақ «Қамқорлық қоры» КҚ мамандарды оқытуды және орталықты заманауи жабдықтармен жабдықтауды ұйымдастырды.

Орталық көпсалалы облыстық балалар ауруханасының базасында орналасқан. 2023 жылдан бастап мұнда «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі жұмыс істейді, онда даму кемістігі бар және олардың туындау қаупі бар жүздеген балаларға көмек көрсетілді. Мұнда мүгедектікті төмендететін баланың туғаннан бастап ересек жасқа дейінгі денсаулығының жай-күйін бақылаудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірегей оңалту моделі енгізілді.

Орталықта невролог-дәрігерлерді, реабилитологтарды, логопедтерді, дефектологтарды, ЕДШ нұсқаушыларын және психологтарды қоса алғанда, кәсіби көпсалалы команда құрылды. Барлық мамандар «Қамқорлық қоры» КҚ қолдауымен жетекші оңалту орталықтарында оқытудан және қайта даярлаудан өтті.

«Біз үшін Оңалту орталығының ашылуы - маңызды оқиға, себебі Қарағанды облысының Біздің компания үшін туған өңір болып табылады. Биыл біз ERG-дің 30 жылдығын атап өтудеміз және бұл орталық — еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға және инклюзивті қоғамды қолдауға қосқан үлесіміз. Біз балаларға толыққанды өмір сүруге және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беру арқылы көмектесе алатынымызды мақтан тұтамыз. Бұл инклюзивті Қазақстанды құрудағы тағы бір қадам — әрқайсысының мүмкіндіктері тең қоғам», - деп түсіндірді Қазақстандағы Eurasian Resources Group бас директоры Серик Шахажанов.

 

«QН Оңалту орталықтары» және «QН Аудандық оңалту орталықтары» қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру шеңберінде барлық өңірлерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 оңалту орталығын ашу жоспарлануда. «Қазақстан халқына» қоры әлемдік брендтерден сараптамалық сыныпты медициналық оңалту жабдықтарымен жарақтандыруға 6 миллиард теңгеден астам қаражат бөледі. Бірегей технологиялардың қатарына БОС-терапия кабинеттері, интерактивті және сенсорлық бөлмелер, сондай-ақ иммерсиялық ванна кіреді.

«QН Оңалту орталығы» бағдарламасы бойынша 11 қарашада Жезқазған қаласында алғашқы оңалту орталығы ашылды, алдағы күндері осындай мекеменің ашылуы Павлодар облысы мен Шымкент қалаларында  жоспарланған. 

Бұдан басқа, даму кемістігі бар және олардың туындау қаупі бар балаларды табысты дамыту үшін «Қазақстан халқына» ҚҚ серіктестермен бірлесіп өңірлерде 13 ерте араласу орталығын құру жөніндегі жобаны іске асыруда, олардың 10-ы жұмыс істеп тұр. Жоба бюджеті – 870 млн теңге.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде 19 аудандық оңалту орталығын жарақтандыру бойынша «QН Аудандық оңалту орталығы» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның 2-уі Қызылорда және Жамбыл облыстарында ашылып, жұмыс істеуде.

Аяқталу сатысында «Аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыру» жобасы тұр - ашылуға жоспарланған 8 орталықтың 7-сі жұмыс істеуде. «Қазақстан халқына» ҚҚ тарапынан жарақтандыруға арналған бюджет - 1 млрд теңгеден астам.     

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.